Өнерлі өрендер сайысы
Курс валют в Актау
на 20/10/2018
 
364.08
367.95
 
417.43
422.23
 
5.49
5.64
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 747 353 34 53
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Октября, 01:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өнерлі өрендер сайысы

14 Июня 2016 (17:42) | 1261 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Маңғыстау Әуені» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жуырда V облыстық "Өнерім - еліме" атты балалар шығармашылығы байқауы өтті. Сайыстың ұйымдастырылуына Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі атсалысты. Биылғы байқау ҚР Тәуелсіздігінің - 25 жылдығы және 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекелеріне арналған.

 

Байқау 8 номинация бойынша өткізілді: ұлттық аспаптар, классикалық аспаптар, үрмелі аспаптар, вокал, мәнерлеп оқу, дәстүрлі ән және т.б.

 

Сайыстың мақсаты – жас өнерпаздардың бойында отансүйгіштік сезімді және шынайы бәсекелестікті ояту, ұлттық мәдениетті өркендету, классикалық жанрды насихаттау, шығармашылық ізденістегі дарынды ұстаздарды марапаттау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру. Байқаудың талабы екі түрлі сипаттағы шығарманы орындау, Оның біреуі халықтық әуен болса, екіншісі патриоттық тақырыпқа арналған.,

 

Байқауды кәсіби деңгейдегі, атап айтқанда ҚР еңбек сіңірген әртісі, "Парасат" орденінің иегері, Ұлттық консерваторияның профессоры Р. Айдарбаева, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Х.Балапашқызы, фортепиано маманы, Халықаралық байқаулардың лауреаты К. Мейманбаев сиякты өнерпаз ұстаздар сараптады.

 

Бас жүлдені ұлттық аспаптар номинациясы бойынша Абыл Тарақұлы атындағы қазақ балалар өнер мектебінің оқушысы Машырыков Мурат иеленді, жетекшісі Исмухамедова Күләш.

 

1 орынға Түпқараған өнер мектебінің жас өнерпаздары - домбырашылар ансамблі ие болды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Байқауға Түпқараған, Мұнайлы, Қарақия аудандарынан және Ақтау қаласының өнер мектептерінің жас өнерпаздары атсалысты. Сайыс барысында жетекшілер шеберлік сыныптарына қатысты. Бұл байқау ұстаздардың айтуынша ерекше сұранысқа ие болып отыр және оның өтуіне ата- аналар да атсалысуда.

 

ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Р:Айдарбаева жылы лебізін білдірді бұл байқаудан ерекше талантты балаларды табуға, олардың өнерін ары қарай ұштауға болатынын және өзінің үлкен әсер алғанын айтты.  

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему