Бала тағдыры ойыншық емес
Курс валют в Актау
на 17/08/2017
 
330.5
334.5
 
387.8
391.8
 
5.31
5.61
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
17 Августа, 02:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бала тағдыры ойыншық емес

27 Января 2016 (11:22) | 894 | Автор: Мира Ботабекова

 

Былтыр Маңғыстауда кәмелет жасқа толмаған 6 бала зорланған. Ал, 40 жеткіншек өз-өзіне қол жұмсаған. Оның 9-ы қаршадайынан қыршын кетсе, абырой болғанда, қалғандарының жаман ойлары жүзеге аспады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Э.Касанова мәлімдеді.

    

Өкінішке орай, балаларға қол көтеріп, эмоционалдық және физикалық тұрғыдан зорлық-зомбылық көрсететін үлкендер қатары көбеймесе, азаймай отыр. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, былтыр жасөспірімдерге қатысты қылмысқа баратын  азаматтар саны 137-ні құраған. Ал, 6 зорлау дерегі тіркеліпті. Ең сорақысы, кәмелетке толмаған жеткіншектерге қысым көрсетіп, жыныстық қатынасқа күштеп тартып, намысына тиетіндер арасында қазақ о бастан ағайыннан артық көрген көршілер, алыс-жақын тумаластар мен жекжат-жұрағаттар бар екен.    

 

Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу дерегі де тыйылмай отыр. Полиция майорының айтуынша, отбасындағы кейбір қиыншылықтар мен келеңсіз жәйттер балаларға қатты әсер етеді. Соның салдарынан, жас өмірін қиып, гүлдей солатындар аз емес. Былтыр балалар арасында 40 суицид дерегі тіркелді. 9 жеткіншек ажал құшса, қалғандарының  жаман  ойлары  жүзеге аспады. Ғұмыры қыршын кеткен 9 баланың 5-і ұл, 4-і қыз екен. Ер балалар өмірмен оңай қоштасудың жолын үй шатырлары мен қора-қопсыда асылып өлу арқылы тапса, қыздар дәрі-дәрмекпен уланып көз жұматын көрінеді. Полицейлердің айтуынша, киім ілгішке асылып немесе жылу жүйесінің батареясына байланып, тіпті, спорттық турникке жіп тағып, жанын қиып, қыршынынан  кеткендер бар.

 

«Жасөспірімдердің психологиялық әлсіз болулары, отбасындағы берекесіздіктен ата-ана назарынан жырақ қалулары, сондай-ақ, кейбір қаржылық қиындықтардың салдарынан осындай өкінішті оқиғалар біздің облысымызда орын алып отыр»,-дейді полиция майоры Э.Касанова.

 

Былтыр үй шатырына шығып, өзін-өзі тастау арқылы өлуге бет бұрған Жаңаөзен қаласының жас қызын полицейлер аман алып қалған. Бүгінгі күні осындай тағдырды бастан кешіріп, ажалына асыққан 29 жасөспіріммен әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар жұмыс істеуде.

 

Ал, өткен жылы облыста жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны біршамаға азайыпты. 2014 жылы облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері 137 баланың қатысуымен болған 96 заң бұзушылықты тіркесе, былтыр 79 жасөспірімнің  қолымен 75 қылмыстық іс жасалған. Оның 19-ы мектеп оқушысы, 28-і колледж студенті. Тіркелген қылмыстардың барлығы орта және ұсақ құқық бұзушылық. Ал, былтыр маңғыстаулық жеткіншектер ауыр және аса ауыр қылмыстарға бармаған екен.

Сондай-ақ, 2015 жылы білім ордаларында оқушылардың заңға қарсы тәртіпсіздіктері  тіркелмеген. «Бұл  мектеп  инспекторлары жұмысының  дұрыс  жолға  қойылуынан. Аймақтағы 142 орта мектепте 115 мектепішілік инспектор қызмет етеді»,- дейді облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Э.Касанова.

 

Эльвира Нұрғалиқызының айтуынша, заман талабымен көптеген ата-аналар қызмет жасап, күнкөріс үшін ақша табумен айналысып, бала тәрбиесі шет қалып жатады. Компьютер мен ұялы телефоннан бас алмайтын жеткіншектер бос уақыттарында немен айналысарын білмей, келеңсіз оқиғаларға тап болады. Жетілмей жатып, заң алдында жауапқа тартылады. Бір-бірімен келісе алмай, төбелесіп немесе өзгенің мүлкіне қол салып, бір-бірінің қымбат бағалы телефондарын ұрлайтындар да кездеседі екен.

 

Полицейлер «ата-аналар балаларды дүниеге әкеліп қана қоймай, олардың өмірі мен болашағына жауапты екенін айтудан жалықпаймыз»,- дейді. Олай болса, бала тағдыры ойыншық емес, ойланайық ағайын!

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
B i u L IMG Quote URL

Используйте кнопки для вставки изображения, например:
[IMG]http://tumba.kz/i/tumbalogo.png[/IMG]


Уважаемые пользователи, в комментариях категорически запрещено переходить на личности, использовать ненормативную лексику, высказывать призывы к насилию, религиозной и национальной вражде.

Администрация оставляет за собой право удалять комментарии без объяснения причин