Ақтаулық әскерилер ар-намыс туралы пікірталас ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 12/12/2017
 
332.63
336.39
 
391.56
396.2
 
5.56
5.73
Номер редакции: 8 (7292) 53 00 03
Номер журналиста: 8 747 353 00 03
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
Система Orphus
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
12 Декабря, 11:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық әскерилер ар-намыс туралы пікірталас ұйымдастырды

28 Августа 2015 (19:03) | 828 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Ақтау қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерімен ҚР Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің «Ар-намыс кодексінің» 5 тармағына сәйкес «Ар-намыс-азаматтың немесе заңды тұлғаның қоғамдағы қатынасын анықтайтын және жеке тұлғаға берілетін әділ баға, бұл моральдық және тағы да басқа қасиеттеріне берілетін әлеуметтік баға» екенін түсіндіру бойынша сабақ-сұхбат өткізілді»,-деп хабарлайды Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қоғаммен байланыс жөніндегі инспекторы азаматтық персонал Динара Жакасова.

 

Сабаққа құқық қорғау органының өкілі Ақтау гарнизоны Әскери басқармасы, құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу комитетінің қызметкері 1-ші сынып заңгері Қ.Д. Сүттібаев қатысып, «Қазақстан-2050» Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық өмірдің нормасы болып табылуы тиіс, қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру міндеті қойылғандығы туралы сөз қозғады.

 

«Ар-ождан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты» деп айтып кеткен Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың өнегелі сөзі әрбір азаматтың өміріне таптырмас үлгі-өнеге екені белгілі. Сол себепті, қоғамдық ортада моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтың беделін түсіретін мінез-құлық көрсетпеу туралы басқарманың құқықтық жұмыс жөніндегі бөлімше бастығы азаматтық персонал Ж.Т. Елубаев әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне түсіндіріп берді.

 

Осы сұхбат- сабақ үстінде әскери қызметшілер мен олардың жұбайлары пікір таластыру бойынша белсенді қатысып отырды. Олар, Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайту, Отанның болашағын көркейту әрбір адамның қолынан келетінін сеніммен айтты.

 

Шараға қатысушылар мемлекеттiк тiлдің мәртебесін өсіру, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құрметпен қарау және оны дәріптеу бойынша тиімді жолды іздеу туралы пікір алмасты. Сержант Н.Н.Рахов қоғамдық ортада моральдық-этикалық нормаларды қатаң сақтау мен әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің алдын-алу, орын алған жағдайда одан шығудың жолдары туралы отбасы мүшелеріне түсіндіріп беруді сұрады.

 

Заңгер «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмау туралы және ар-намыс пен қадір-қасиет бір-бірімен тығыз байланысты екендігін түсіндірді.

 

«Ар-намыс – қоғамның әділ және дұрыс беретін бағасы, ал қадір-қасиет алдыңғы қатарда-субъекті жағдай, ол өзін-өзі бағалау. Сондықтан, адамның қадір-қасиетті оның белгілі бір тәрбиесіне, ішкі рухани дүниесіне, психологиялық жиынтығының ерекшеліктеріне тәуелді болады»,-деп баяндады.

 

Сабақтың соңында Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Дастан Шыңғысұлы Танкиев: «Құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабында, құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шараларына: азаматтардың жалпы, тұрмыстық және құқықтық мәдениетін арттыратын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсұнушылық мінез-құлыққа, құқыққа қарсы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жататындығы» туралы айтып қорытындылады.

 

-ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ар-намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл» деген тамаша сөзімен ұштастыратын болсақ, ар – әр адамның өз өмірінде, қоғамда, жеке адамдар арасында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілікті сезінуге, саналы ұғынуға, өз ойы мен ісін адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиет болып қала бермек,-деп Ақтау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қоғаммен байланыс жөніндегі инспекторы азаматтық персонал Динара Жакасова өткен шараға қатысты ойын қорытты.

Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему