Балаларды шығармашылыққа баулитын «ДАМУ медиа» мектебіне-1жыл!
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 12:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балаларды шығармашылыққа баулитын «ДАМУ медиа» мектебіне-1жыл!

3 Ноября 2018 (14:44) | 5652 | Автор: Нурганым Имашева

Осыдан тура 1жыл бұрын Ақтауда өскелең ұрпақты шешендік өнерге, актерлік шеберлікке, сахна тіліне, камера алдында жұмыс жасауға және вокал пәнінен ән айтуға, билеуге үйрететін Медиа мектептің ашылғаны туралы қуанышты жаңалықты жария еткен едік.

 

 

Медиа мектептің 1 жыл ішінде жеткен жетістіктері аз емес. Айта кетсек, биылғы жылдың наурыз айында Египет елінің Хургада қаласында өткен "TV START WORLD"-2018 халықаралық фестивалінен түрлі жас ерекшелігімен 3 бірдей бас жүлде гран-приді дамулықтар Маңғыстауға алып келді.

 

Халықаралық доданың әділқазылар алқасында медиа мектеп басшысы, ҚР журналистер одағының мүшесі Гүлнұр Жадрина қазақ елінің атынан қатысты. Фестивальге 15 елден 30-ға жуық бала қатысты. Сондай-ақ, Түркия елінде халықаралық сайыста да Даму медианың Наргиз Арыстан есімді оқушысы 1 орынды иеленген еді.

 

Ал, мектептің ең маңызды жеңістердің бірі - ол Еуропада Франция елінің астанасы Париж қаласында жақында өткен 14 халықаралық "CRYSTAL STAR" феставалінде 2 оқушының актерлік шеберліктен Гран Приге ие болуы.

 

Енді міне, балғындардың талантын ұштайтын сол мектеп өзінің 1 жылдық алғашқы туған күнін Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында үлкен концерт берумен атап өтті.

 

Аталмыш концертте медиа мектеп оқушылары өздерін түрлі қырларынан көрсетті. Зал лық толы болды және кештің басты қонағы болып ару қала Алматыдан танымал әнші Айдана Меденова келді.

 

 

Медиа мектептің 1 жасқа толуына байланысты ұйымдастырылған концертте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлының атынан алғыс хаттар «Даму Медиа» мектебінің ұжымына, Парижде өткен халықаралық сайысқа Дамулықтарды дайындаған ұстазы, танымал актриса Ғалия Тілеген және медиа мектеп администраторы Эльвира Жолдасоваға табысталды.

 

Сондай-ақ, Түркия, Франция еліндерінде бас жүлдеге ие болған мектептің үш оқушысы: Гүлнұр Жамбылқызы, Асылбек Меңдібаев пен Наргиз Арыстанға алғыс хат пен сыйлықтар Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сармурзина Пания Оңалбайқызының атынан табысталды.

 

Сондай-ақ, ел болашағы-жастарды әрдайым демеп жүретін Маңғыстау облыстық мәслихатының ең жас депутаттары Аббат Урисбаев пен Абзал Мендибаев жас өрендердің шығармашылығын қолдауға арналған қаржылай сыйлық ұсынды.

 

«ДАМУ медиа» мектебінің басшысы, ҚР журналистер одағының мүшесі Гүлнұр Жадрина:

-Балалар шығармашылығын қолдайтын облыстық, қалалық әкімшілікке, мәдениет басқармасына Даму Медиа оқушыларының, ата-аналарының атынан алғыс айтамыз.

 

Ел болашағы-жастарды әрдайым демеп жүретін Маңғыстау облыстық мәслихатының ең жас депутаттары Аббат Урисбаев пен Абзал Мендибаевқа алғысымыз шексіз. Жас та болса үлгі аларлық іс атқарды. Оны көрген медиа мектеп оқушылары сол ел ағаларына қарап бой түзейді.

 

 

«Даму медиа» мектебінің жеткен жетістіктері ол тікелей біздің педагогтарға, ұжымға байланысты. Мен кадр мәселесіне өте жауапкершілікпен қараймын. Себебі, біздің оқушыларымыз жетістікке жету үшін, оларға дәріс беретін ұстаздарымыз өте мықты болуы керек. Біздің медиа мектепте актерлік шеберліктен Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма-театрдың белді актрисалары Ғалия Тілеген мен Эльмира Шаңытбайқызы, ораторлық шеберліктен танымал журналистер Қанат Айтбай мен Әсем Сартбаева сабақ береді.

 

Сонымен қатар балалар камерамен жұмыс жасайды. Вокал, хореографиядан дәріс алады. Енді осы айдан бастап бізде домбыра, сурет салу, ағылшын тілінен қосымша курстар жұмысын бастайды. Медиа мектеп оқушылары келесі жылға Чехия, Египет, Турция, Болгария елдеріне халықаралық сайыстарға шақырту алып отыр. Әлі бағындырар белес алда. Бұл тек бастамасы,- деді мектептің алдағы жоспарлары туралы сауалға жауап бере отырып.

 

Директордың мәлімдеуінше, «Сондай-ақ, енді дамулықтар шығармашылықта әлі де шыңдалатын болады. Осыдан 1 жыл бұрын медиа мекеп оқушылары камераға таңырқай қарайтын болса, 1 жыл ішінде камерамен жұмыс жасауға әбден машықтанып, төселген. «Даму медиа» мектеп оқушылары енді "MANGYSTAU" телеарнасында "Өркен" бағдарламасын өздері жүргізіп, өздері сюжеттерін дайындайды».

 

 

Бауыр еті балаларының қабілеттерін дамытып, өнерге баулып жүрген Гүлнұр Жадрина басшылық ететін «Даму медиа» мектебінің ұжымына ата-аналар қауымы да дән риза. Концерт басталмас бұрын бірнеше ата-ананы сөзге тартқан сәтте олар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

 

Солардың бірі – 10 жасар Інжу есімді өнерлі балғынның әжесі Ақтау қаласының тұрғыны Мақпал Жарылғасова:

 

-Немерем Інжу «Даму медиа» мектебіне 1 жылдан бері барып жүр. Осы уақытта біраз жетістіктерге жетті. Билейді, ән салады, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығы басым. Журналист мамандығына қызығады.

 

Балаларымыздың қабілеттерін дамытып, өнерге баулып жүрген барлық ұстаздарына алғысымды білдіремін, -десе,

 

Ақтау қаласының тұрғыны Байназарова Нұргүл Оразалиевна:

-Менің 10 жасар қызым Қазимова Әмина осыдан 1 жыл бұрын «Даму медиа» мектебіне алғашқылардың бірі болып келді. Журналистика үйірмесіне қызым қатысып жүр, вокалдан сабақ алады, актерлік шеберлік, камера алдында өзін ұстауға машықтануда, жаңадан хореография сабақтарына да қатыса бастады.

 

Алғашқы келген кезде қызым ұяң, ұялшақ баланың бір болатын, ал осы мектепке келген 1 жылдың ішінде қызымның мінезі өзгерді, ашық бола бастады, мектептің ашылғанына 4 ай толуына орай есеп беру бағытында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында ұйымдастырылған концертте жүргізуші болды.

 

 

«Даму медиа» мектебі ашылған 1 жылдың ішінде Гүлнұр Жадрина апайларының басшылық етуімен балалар бірнеше Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып үлгерді, жақсы жетісіктіктерге жетіп жатыр. Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, олардың таланттарын шыңдап жүрген творчестволық ұжымға алғыстан басқа айтарым жоқ. Ұстаздар еселі еңбек етіп, үлкен қызмет атқаруда.

 

Кім біледі, ертеңгі күні осы балалардың ішінен атақты журналистер мен актерлер шығар? Балаларымыздың қабілеттерін шыңдап, өнер әлеміне қанат қақтырып жүрген педагогтардың еңбегі ерен, әрине. Оларға үлкен творчестволық табыс тілеймін.

 

Жалпы, Маңғыстау өңірінің әрбір жетістігіне қуанып жүремін өзім, еліміз өркендей берсін! – деген ақ тілегін жолдады.

 

Біз де ел ертеңі – өскелең ұрпақтың бойындағы қылаң еткен қабілетін шыңдап, шығармашылықтың шыңына шығару жолында еселі еңбегімен қарлығаштың қанатымен су сепкендей тынымсыз тірлік жасап, жемісті еңбек етіп жүрген әріптесіміз ҚР журналистер одағының мүшесі Гүлнұр Жадрина басшылық етіп отырған «Даму медиа» мектебінің ұстаздар қауымына еңбектерінің жемісін көруді, шәкірттерінің жеңісімен қуанта беруін, ата-ана, ел-жұрттың ыстық ықыласы мен шынайы алғысына бөлене беруіне тілек қосамыз! Бағындырар биіктеріңіз көп болсын!

 

Суреттерді түсірген «Даму медиа» мектебі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему