Облыстық соттың судьялары қос әріптесін құрметті доғарысқа шығарып салды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық соттың судьялары қос әріптесін құрметті доғарысқа шығарып салды

10 Августа 2018 (10:40) | 2551 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Маңғыстау облыстық сотында  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес отставкаға шыққан облыстық соттың судьялары Гүлжахан Имангалиева және Бекзат Шоқанованы  шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.

 

 

Жиынға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов, облыстағы судьялар корпусы, Соттар әкімшісінің басшысының м.а. Аманбек Калпаков және сот қызметкерлері қатысты.

 

Аталған судьяларды салтанатты түрде құттықтай отырып, Жақсылық Аланов әріптестеріне  көпжылдық адал еңбектері  үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол судья лауазымында қызмет атқарған жылдары Г.Имангалиева және Б.Шоқанованың  өздерін  кәсіби, әрі сауатты заңгер ретінде танытып, облыстың сот жүйесінің дамуына қосқан сүбелі үлестері туралы атап өтті.

 

 

Сот саласында үздіксіз 25 жыл қызмет еткен  Г.Имангалиева алғашқы  еңбек жолын  Ақтау қалалық халық сотының судьясы болып   бастап, одан кейін Маңғыстау облыстық сотында 22 жыл судьялық қызметті абыроймен атқарды.

 

Ал, сот саласында 26 жыл қызмет еткен Бекзат Шоқанова алғашқы еңбек жолын Жаңаөзен қалалық халық сотының судьясы болып бастап, әр жылдары Қарақия аудандық сотында, Ақтау қалалық сотында, Ақтау қалалық №2 сотында, Маңғыстау облыстық сотында  судья болып қызмет етті.

 

 

Салтанатты жиын барысында олардың  атына көптеген жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды. Сонымен қатар, сот қызметкерлері қос судьяға деген жүрек жарды ықыластарын өлеңмен өрнектеп жеткізді.  

 

Сот ұжымы  қос судьяға адал және мінсіз қызметтері, кәсіпқойлығы, терең білімі мен тәжірибелері  үшін ризашылық пен алғыстарын білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему