Жүктер пойызбен заңсыз тасымалдануда
10 Августа 2018 (08:57) | 2209 | Автор: Нурганым Имашева
Үстіміздегі жылы тамыздың 5 мен 6-сы аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топ мүшелері «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау бөлімшесінде «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық мониторинг жүргізді.
Жүк тасымалдау бойынша касса қызметкері «Маңғышлақ-Алматы» пойызымен жолсерікпен келісу арқылы кез-келген ауыр жүкті белгілі бір сомаға тасымалдауға болатынын айтқан. Яғни, бұл ретте жүкті тасымалдауды рәсімдеу тәртібі сақталмай отырғандығын аңғару қиын емес.
Ал жүк тасымалдаушы бөлімінің қызметкері болса, жүгіңіз болса шырайлы Шымкентке дейін 25.000 теңгеге тиісті құжатты рәсімдемей-ақ келісуге болатындығын арнайы мониторингтік топ мүшелері анықтап отыр.
Негізінен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген ереженің 176 тармағына сәйкес, жүк багажды жөнелтуге қабылдау жіберушінің өтініші негізінде және өтініште көрсетілген деректерге сәйкес бекітілген нысандағы тасымалдау құжатымен (жүк багаж түбіртегімен) ресімделуі тиіс.
Яғни, жүк тасымалдауды рәсімдеу тәртібі заңмен бекітілгеніне қарамастан, бұл талаптар өрескел бұзылып отырғандығы анықталды. Осылайша жолаушылар жолсеріктермен ауызша келісім арқылы, кассаны айналып өтіп, көздеген жеріне жүктерін жеткізуге еш кедергі жоқ.
Еске сала кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына орай, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық мониторинг жүргізілуде.
Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тел: 8 (7292) 30-30-48,.
Суреттерді және видеоны ұсынған Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему