Қасиетті Рамазан айы келіп жетті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 00:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қасиетті Рамазан айы келіп жетті

13 Мая 2018 (18:58) | 5308 | Автор: Нурганым Имашева

Жер  бетіндегі  барша мұсылмандардың – қасиетті мерекесі Рамазан айы да келіп жетті. Ұлық мейрам   биылғы жылдың 17 мамырында басталып, 15 маусымға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде ниет етіп, ауыздарын бекіткен қауым  ораза ұстап, мұсылманның бес парызын бірін орындауға  мүмкіндік алады. Мұсылман жұрты маусымның 12-сінен 13-іне қараған  түні  қасиетті  Қадір түнін  қарсы алып, ал, 16 маусым күні ораза-айт мерекесін тойлайтын болады.

 

 

Алла тағала  Құранда  ораза  ұстау  туралы «Адамзаттың  барлық  амалы  өзі  үшін,  ал, ұстаған  оразасы  Мен  үшін, оның сауабын өзім беремін. Өйткені, ол менің разылығым үшін таңнан кеш батқанша тағамнан, ішіп-жеуден және жыныстық қатынастық бас тартты» деген.

 

Көптеген жандар оразаның мәнісін түсініп, қасиеттілігін сезіне алса да, күннің ыстығын сылтауратып, 30 күн ауыз бекітуге шыдай алмайтындай ойда. Әрине, аптапты  күннің   ұзағында аш-сусыз, қара кешке дейін астан бас тарту оңай емес.

 

Дегенмен, мұның Алланың разылығы үшін екені маңызды болса, екіншіден, ғалымдар адамның қарнында 2 тәулікке жететін тамақтың болатынын   дәлелдеген. Тағы да бір айтатыным- Алла тағалаға адамға оның күш-жігері   жетпейтін, әлі келмейтін нәрсені жүктемейді.

 

 

Сондықтан да, дені сау, ақылы түгел мұсылман баласының жылына 1 рет келетін ораза ұстағаны абзал.

 

Рамазан – тек асты азайтып, тамақтан тартынатын ай ғана емес, бұл айда нашар әдеттерден, жағымсыз қылықтардан арылған жөн. Сүйікті Пайғамбарымыз «Ораза кезінде өтірік айтып, оны тоқтатпаса, оның тамақ пен сусыннан   бас  тартқанының  Алла үшін қажеті жоқ» деген.

 

Сондай-ақ,  рамазан айында дауыс көтеріп, жаман сөздер айтуға, біреуді балағатауға болмайды. Кімде-кім ашуына тиіп, төбелеске шақырып, жаман сөзбен шамына тисе, өзінің ораза екенін айтса болғаны.

 

Рамазан айында ораза ұстаушының күн тәртібі де өзгеруі тиіс. Ерте оянып, тамақ та ерте ішіледі. Адам асқазаны тамақты таңертеңгі уақытта ішуге  әдеттене бастайды.

 

 

Теледидар мен ғаламторға байланып, ұялы телефонды жастанудан арылу керек. Құран кітапты қолға жиірек ұстап, сауапты істерде белсенді болуға тырысу керек.

 

Намаз оқуға ниеттенген жандарға рамазан айы ең жақсы кез. Сондай-ақ, мешітке келіп, қайырымдылыққа  араласу  да  рамазан  айындағы ең ізгі шаралардың қатарынан болмақ.

 

Ораза – араб тілінен аударғанда өз нәпсісін тыю, жаман әдеттерден алыстау деген мағынаны білдіреді. Исламның бес парызының үшіншісі саналатын оразаны ұстаған жан күндіз ас пен судан тыйылып, жағымсыз әдеттерден арылады.

 

 

«Бақара» сүресінде «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе, сапарда жүрсе, онда басқа күндері өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» делінген. Демек, рамазан айында барша мұсылман баласының ораза ұстағаны абзал. 

 

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде биылғы рамазан айында да күн сайын ауызашар ұйымдастырып, сауапты істерге мұрындық болу жоспарланып отыр.

 

Олай  болса, қасиетті  айымыздың жеткеніне шүкіршілік  ете  отырып,  ұстаған оразаларыңыз қабыл, ниеттеріңіз оң болсын дейміз.

 

Ақтау қалалық Бекет ата

мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл

 

Суреттер Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметінен және Muftyat.kz, Baribar.kz сайтарынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему