«Ақшағала» сахнаға қайтып оралды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 04:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ақшағала» сахнаға қайтып оралды

12 Марта 2018 (12:17) | 3121 | Автор: Нурганым Имашева

Наурыз айының 7 жұлдызында Халықаралық  әйелдер  күніне  арналған М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы  жанынан құрылған «Ақшағала» Вокалды Аспаптық  Ансамблінің алғашқы    «Анаға сәлем» атты мерекелік  концерті  өтті.

 

 

Мейрамға орай ұйымдастырылған кештің мақсаты - халықаралық әйелдер мерекесін атап өту, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, жастарды үлкенге - ізет, кішіге - үлгі бола білуге үйрету. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

Мерекелік кешті облыстық филармонияда жаңадан ашылған «Ақ шағала» вокалды аспаптық ансамблі ашты. «Ақ шағала» вокалды аспаптар ансамблі сонау 1976 жылы  маусым айында, облыстың тұңғыш  телерадио дикторы, конфераньсе Хамит Мамбетовтың  бастамасымен  және көркемдік жетекшілігімен құрылған болатын. Өнер ұжымы  Қазақстанның түкпір – түкпірін аралап, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Татарстан  елдерінде, Алтай, Сібір және басқа да өңірлерде  гастрольдік сапарлармен  концерттерін қойып, көрермен көңілін аулай білді.

 

 

 «Жігер -85» фестивалінің лауреаты атағын иеленген. Құрамында – музыкалық жетекшісі, клавиште ойнаған Юрий Зайцев, Биғұмар Мамбетова, Әсия Базарова сынды эстрада әншілері де өнер көрсетті.

 

Сондай - ақ, бүгінде өлкеге танымал эстрада әншілері Майра Шақаманова, Салихат Құдысова, дәстүрлі әнші Бауыржан Сатыбалдин, белгілі  музыканттар Құдайберген Ахметов, Нұрбоат Құдысов, Манарбек Бәкірбаев, бүгінде елімізге белгілі әнші-композитор Лұқпан Жолдасов, қазіргі таңда Мәскеудің белгілі ән өңдеушісі Валерий Стуров та ансамбльдің негізін қалаушылардың бірі болды .

 

 

1990 жылдары Кеңес Үкіметі тараған уақытта өнер ұжымдары да тарап,  халық күнкөріс қамын күйттеп кеткенін жақсы білеміз. Осы қиын кездер  өнер ұжымын да айналып өтпеді. Дегенмен, араға, мінеки, 27 жыл салып, Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру мақсатында, тарихи топ қайта жанданып, жаңғырып, «Ақ шағала» қанатын кеңге жайып, жаңа құраммен көктемдей қайта құлпырған  қыз-келіншектердің мерекесі қарсаңында, тәуелсіз еліміздің талғамы биік көрерменіне жол тартып отыр.

 

 Ансамбль репертуарында қазақ және шетел  композиторларының шығармалары орындалды. Сондай-ақ, филармония әншілері Жоламан Көшкінов, Асқар, Асанәлі Көшеровтер, Гүлнар Жолдасбаева, Бердібек Құлғараев сынды әншілер «Жан ана», «Ақ тілек» , «Қыздар-ай» тағы да басқа   әндер  орындап,  кешке келген нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему