Сатушыны ыстық майға күйдірген азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сатушыны ыстық майға күйдірген азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды

12 Февраля 2018 (16:52) | 1636 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін, 12.02.2018 жылы Мұнайлы аудандық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігінің  7 -тармағымен (бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) Ж.-ға қатысты сот үкімі жарияланды.

 

 

Аталған оқиға қоғамның аса қызығушылығын тудырып, бұл туралы БАҚ беттерінде бірнеше материалдар жарық көрген еді.

 

Сот мәжілісінде анықталғандай, Ж. 28 қазан 2017 жылы сағат 05:00 шамасында Мұнайлы темір жол вокзалының алдында орналасқан «Ырыс» дүкенінде, яғни қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкен жеңіл дәрежедегі мас күйінде сыра сатып алмақ болған.

 

Сатушы алкогольдік ішімдіктердің сағат 21:00-ден 09:00 аралығында сатылмайтынын ескертіп, сыра сатудан бас тартқан.

 

Сатушыға ашуланған Ж. оны балағаттап, намысына тиетін сөздер айтып, бетіне түкіріп, орындықты тепкен кезде электроқазанда қызып тұрған сұйық май сатушыға қарай шашырап кеткен. Нәтижесінде, ыстық майдан сатушының беті, кеуде тұсы мен қол-аяқтары күйіп қалған.

 

 

Сот үкімімен сотталушы Ж. кінәлі деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы мен жәбірленушінің пайдасына  373 645 теңге материалдық зиян, 1 000 000 теңге моральдық зиян өндірілді.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Бұл туралы Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттер advokatura.kz cайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему