Аймақтың үздік самбошылары анықталды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақтың үздік самбошылары анықталды

12 Февраля 2018 (16:02) | 2493 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығындағы «Жас қанат» спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан облыс чемпионаты өтті.

 

 

Спорт бәсекесіне 100-ден астам балуан қатысып, боз кілемде белдесті.

 

Жарыстың ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, облыстық «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов, Маңғыстау облысының ересектер арасындағы самбодан аға жаттықтырушысы Берік Жұмағалиев қатысты. Олар балуандарға жеңіс тіледі.

 

-Басты мақсат - дзюдошылардың шеберлігін шыңдау, жастарды ҚР чемпионаттарына іріктеу. Сонымен қатар, 2018 жылы аймақ намысын Әлем, Азия чемпионаттарында қорғайтын балуандарды анықтау, облыстың құрама командасын жасақтау.

 

Айта кету керек, ақпан айының 28-і мен наурыз айының 2-і аралығында Жезқазған қаласында Ел чемпионаты өтеді деп жоспарланған.

Сондықтан да бүгінгі облыстық жарыстан топ жарып, үздік танылғандар аймақ намысын Жезқазғанда қорғайтын болады.

Ол жерден үздік шыққандар Румынияда өтетін Әлем чемпионатына және мамыр айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

Бүгінгі жарысқа 9 салмақ бойынша 100-ден астам спортшылар қатысуда. Самбоның халықаралық дәрежесіне сай жарыс жоғары деңгейде өтуде,-дейді Маңғыстау облысының ересектер арасындағы самбодан аға жаттықтырушысы Берік Жұмағалиев.

 

Тартысты өткен жарыста жауынгерлік самбодан 52 келі салмақта Нұркен Домбаев («Жас батыр» спорт мектебі), 57 келі салмақта Руслан Сариев («Жас батыр» спорт мектебі), 62 келі салмақта Бауыржан Ботабаев (Маңғыстау ауданы), 68 келі салмақта Нұрлыбай Серғазиев («Жас батыр» спорт мектебі), 74 келі салмақта Бекжан Жайықұлы («Жас батыр» спорт мектебі), 82  келі салмақта С. Медеубаев (Жаңаөзен қаласы), 90  келі салмақта Наурыз Бисенғазиев (Маңғыстау ауданы) және спорттық самбодан 52 келі салмақта Дәурен Төлегенов («Жас батыр» спорт мектебі), 57 келі салмақта Қазбек Жолдасқалиев («Жас батыр» спорт мектебі), 62 келі салмақта Мардан Есекенов («Жас батыр» спорт мектебі), 68 келі салмақта Серік Бөкенбаев («Жас батыр» спорт мектебі),  74 келі салмақта Қанағат Қойжан («Жас батыр» спорт мектебі), 82 келі салмақта Абылай Шаңдиев (Маңғыстау ауданы) алтыннан алқа тағып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

 

 

Суреттерді түсірген Ақерке Гагаринқызы                       

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему