Ақтауда самбодан ашық республикалық турнир өтеді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 12:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда самбодан ашық республикалық турнир өтеді

9 Августа 2017 (18:44) | 1659 | Автор: Нурганым Имашева

Аймақта 10-12 тамыз аралығында самбодан ҚР-ның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Құрмет орденінің иегері Мерейғалы Көшкіновтың жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир жалауын желбіретеді. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан және Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен 300-ге жуық 1997-1998 жылы туған балуандар қатысады деп күтілуде.

 

 

 -10 тамыз күні барлық салмақ бойынша жеребе тасталып, жарысқа қатысатын спортшылардың салмағы өлшенеді. Жарыстың салтанатты ашылуы 11 тамыз күнісағат 12:00-де 24 шағынауданда орналасқан облыстық «Жастар батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтеді.

 

 

Бұл жарыста облыс намысын 30 ұл мен 6 қыз қорғайтын болады. Олардың қатарында аймақтың атынан халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген балуандарымыз да бар.

 

 

Жалпы, турнирді ұйымдастырудағы басты мақсат-самбошылардың шеберлігін шыңдау, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, татулықты нығайту,-дейді облыстық «Жастар батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

 

Сондай-ақ, дәл осы күндері «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде көркем гимнастикадан «Шағала» атты республикалық турнир өтеді.

 

Қос шараны да тамашалау тегін.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему