Туризмді дамыту - аймақты дамытудың кепілі
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 15:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Туризмді дамыту - аймақты дамытудың кепілі

15 Июля 2017 (15:53) | 1896 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақтық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынованың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде жыл басынан бері өңірге 38 386 турист келгені, оның ішінде Жапониядан 80 турист, Еуропадан 38 турист, Нидерландыдан 17 турист, Ресейден 180 турист, Италиядан 11 турист, Америкадан                             10 турист, Еуропадан 34 турист келіп, өлкенің көрікті жерлерін аралағаны белгілі болды.

-Туризмді дамыту бағытында 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлік қолдау қоры» АҚ арасында туризм саласында кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Меморандум аясында әріптес-банктермен 900 миллион теңге қаражат бөлініп, 12 жоба мақұлданды. Жобаларды жүзеге асыру бойынша 100-ден астам жұмыс орны ашылды, - деп мәлімдеді Гүлжан Маңғыстауқызы.

Бүгінде аймақта туризмді дамыту бағытында MTravel (Mangystau Travel) бірінші мобильдік қосымшасы белсенді жұмыс жасайды. Сонымен қатар  туризм саласындағы және облыстағы оқиғалармен күн сайын танысып отыру үшін mangystau.info интернет-порталы да іске қосылды.

-Mtravel-ол туризм саласында маңызды оқиғалармен және ең соңғы жаңалықтармен тегін танысуға, орналасу және демалу үшін ұсыныстарды қарауға, тарихи ескерткіштермен және табиғи нысандармен танысуға, олардың ішінше ең үздігіне өз маршрутын жасауға мүмкіндік беретін ыңғайлы мобильді туристік жолсілтеме.

 Осы қосымшаның көмегімен өңірдің туристік саласының мүмкіндіктері және туристік әлеуеті туралы көп ақпаратты біле аласыз.

 Сайтта Ақтау қаласының қонақ үйлерін туристердің іздеуі үшін booking.com модулі іске қосылды. Демалыс базалары жайында толық ақпарат беретін «Каспий теңізі жағасындағы демалыс» бөлімі құрылды.

Мұнда әрбір демалыс базалары туралы мәліметтер, бағасы, брондау жолдары және қосымша ақпараттар көрсетілген,-деген Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова бүгінде сайтты смартфондардан қарағандардың саны 49,3 %-ға, компьютерден қарағандардың саны 47,5 %-ға артқаны жайлы айтып өтті. Жалпы, сайтты тәулігіне 400-ге жуық адам қарайды екен.

Облыстың туристік әлеуетін ілгері жылжыту мақсатында мамандар Мәскеу қаласында өткен «MITT- 2016», «MITT- 2017» халықаралық туристік көрмесіне және Берлинде өткен халықаралық туристік көрмеге қатысып, тәжірибе жинақтаған. Аймаққа туристерді тарту үшін қонақ үй бизнесі, балалар туризміне арналған халықаралық форумдарды ұйымдастыру жұмыстары да жүйелі жүргізілуде.

Басқарма басшысының баяндауынша, «Туристердің таңғажайып табиғи ландшафтарға, ескерткіштерге, тарихи-мәдени және этникалық мұраларға үлкен қызығушылығын ескере отырып,  Бразилия, Израиль, Германия, Испания, Голландия, Швейцария елдері туроператорлары өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізілді.

 Ақпараттық турлардың нәтижесінде отандық және шетелдік туроператорлармен 27 келісім-шартқа қол қойылды.

2016 жылы және 2017 жылдың 1 жартыжылдығында өңірде туристік инфрақұрылымның дамуы Ақтау қаласында жаңадан ашылған және қолданыстағы «Сая», «Tree of Life», «SunSet», «Достар» сияқты қонақ үйлер мен демалыс базалары құрылысын қайта салу есебінен жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, Бейнеу ауданы Ақжігіт селосында «Жұмыспен қамту жол қартасы – 2020» бойынша ішінара мемлекеттік қолдауымен кіші қонақ үй ашылды.

Ақтау қаласында 2 хостел жұмысын бастады. Одан бөлек, әр ауданнан әтноауыл жасау жоспарда бар. Сонымен қатар қытайлық туристерді тартуға жұмыстанып жатырмыз. Тамыз айында келісім шарт жасақталатын болады».

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему