Судьялар «Зиманов оқуларына» қатысты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Судьялар «Зиманов оқуларына» қатысты

20 Апреля 2017 (17:55) | 1713 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық сотының бастамасымен құқықтық сауаттылық айлығы аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде судьялар мен оқытушылар құрамының және студенттердің қатысуымен «Зиманов оқулары» өтті. Заң ғылымының докторы, профессор С.Зимановтың ғылыми шығармашылығы мен өміріне арналған жиында қатысушылар ол туралы баяндамалар жасап, құнды мәліметтерді ортаға салды.Студенттер заң ғылымының заңғары туралы арнайы дайындалған слайд көрсетіп, стенділер мен бүктемелер секілді пайдалы ақпараттық құралдар дайындап, іс-шараның көрнекілігін арттыра түсті.

С.Зимановтың 1990 жылы Қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқының тарихында шешуші рөл атқарған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының» жобасын дайындау жөніндегі комиссияны басқарғанын, 1991 жылы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның жобасын дайындау жөніндегі комиссияның жетекші мүшелерінің бірі болғанын студенттер жарыса баяндап, профессордың қазақ тарихындағы айшықты орны туралы айтты.

Сонымен қатар, Салық Зиманұлының көзін көріп, дәрісін тыңдап, сұхбаттас болған судьялар, атап айтқанда, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Бақытжанова, Г.Иманғалиева, Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Б.Елемесовтер профессордың заң ғылымына қосқан үлесі туралы ғана емес, оның табиғаты, адамгершілік қасиеттері мен қабілеттері туралы әңгімеледі.

- Салық Зиманұлы қазақ халқының құқықтық жүйесін зерттеп, билер мен шешендердің билік өнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізген ғалым. Қазақстан егемен ел болғаннан кейін де мемлекеттің Конституциясы мен қолданыстағы заңдарын қабылдау және жетілдіру мақсатында көп тер төкті. Республика Жоғарғы кеңесінің депутаты, Комитет төрағасы және Жоғарғы кеңес Төралқасының мүшесі бола жүріп, ел үшін аса маңызды заңдардың жүйелі жасалып, орнықты бекітілуіне атсалысты», - деді Г.Бақытжанова.

Келелі басқосуда академик С. Зимановтың мемлекеттік билікке кәсіби маман ретінде қатысып, заң шығарушылық қызметке үлес қосуы жеке

зерттеуді талап ететіні айтылып, ғылым жолындағы студенттер мен оқытушыларға бағыт-бағдар ұсынылды.

Мұнан әрі аймақтағы құқықтық сауаттылық айлығы Маңғыстау облыстық соты судьяларының студенттер алдында түрлі өзекті тақырыптар бойынша дәріс оқуымен толықтырылып отырды. Нақты айтқанда, судьялар Х.Қаженова мен Н.Комаровалар «Судьялық Әдеп кодексі» тақырыбында студенттерге дәріс оқып, аталған заңның «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 19-қадамын орындау мақсатында Венециялық комиссия сарапшыларының, сот корпусы мен құқықтанушы ғалымдардың ой-пікірлері мен көзқарастары және басқа да халықаралық құжаттардың ережелері негізінде әзірленгенінтүсіндірді. Ал, судья Г.Иманғалиева «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы»дәріс оқып, қатысушыларға татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту,халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын ояту мәселелерін бірге талқылады. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему