Студенттер театрландырылған қойылымдар сайысын өткізді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 16:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Студенттер театрландырылған қойылымдар сайысын өткізді

19 Декабря 2016 (16:53) | 2503 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтаулық студенттер «Болашаққа жол» атты театрландырылған қойылымдар сайысын өткізді.

Ең үздік шағын спектакль байқауына 7 команда қатысты. Өнер жарысында жастарға 10 минут ішінде тәуелсіз еліміздің тарихы ғана емес, ширек ғасырда жеткен жетістіктерін де толық баяндау міндеттелді. Азат елдің арманшыл ұрпағы сахна төрінде қазақ елінің биік белестерді бағындырған сәттерін айшықтап берді. Туған елінің тарихына айрықша мән берген жастар жасампаздықты жырлады.

Сайысқа үлкен дайындықпен келген олардың сөздері мазмұнды, көріністері тартымды болды. Туындыларында нағыз режиссерлік шешім бар. Жастардың еңбегін қазылар алқасы әділ бағалады. «Ең үздік қойылым», «Актерлік шеберлік», «Режиссерлік шешім», «Ең үздік безендіру» бойынша үздіктер анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша, «Мәңгілік ел» қойылымын көрсеткен Ақтау көлік колледжінің студенттері бас бәйгені жеңіп алды. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему