Ақтауда дзюдодан республикалық турнир өтеді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда дзюдодан республикалық турнир өтеді

23 Ноября 2016 (15:26) | 1796 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығында 2-3 желтоқсан күндері дзюдодан республикалық турнир жалауын желбіретпек. Дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылатын жарыс КСРО спорт шеберіне үміткер Баламұрат Ақшабаевтың жүлдесіне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.

         Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 2000-2001 және 2002-2004 жылы туған 350 балуан қатысады деп күтілуде. Дзюдодан ұйымдастырылатын жарыс 2-3 желтоқсан күндері облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтеді. Байрақты бәсекеде облыс намысын 50 балуан қорғамақ.

         - Турнирдің басты мақсаты - жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жас спортшылардың республикалық жарыстардағы тәжірибесін нығайту.

Турнир биыл жетінші рет өткізілгелі отыр. Бұл жарысқа облыстық чемпионаттың іріктеуінен өткен 50 кіші жасөспірімдер қатысады. Оның 17-сі қыздар.

Маңғыстау облысының құрамасын белгілі бапкерлер Сергей Волобуев пен Жомарт Қобыланов дайындауда. Ашық турнир болғандықтан көршілес Грузия, Әзірбайжан мемлекеттерінен де спортшылар қатысуы мүмкін.

Жарыстан бірінші, екінші орын алған балуандар ҚР-ның «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ алады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, «мықтылардың» топ жаруына тілекшімін.

Дүбірлі додада облыс намысын қорғайтын балуандарымыз Асатбек Рембаев, Нұртілеу Әмірхан, Нұржас Қуандықов, Нұрбек Қуанышұлы, Нұрсұлтан Манарбекұлы, Ержігіт Тәжімұрат, Нұрлыбек Сыдықов, Әнуар Әбдіғани, Төрекен Қобыланов жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз.

 Жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасының және облыстық дзюдо федерациясының басшылығына ризашылығымды білдіремін, - деді облыстық «Жастар» БЖСМ басшысы Манарбек Бисекенов.

          Жарыстың салтанатты ашылуы 2 желтоқсан күні сағат 12:00 – де облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтеді. Жарысты тамашалау тегін.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему