Маңғыстаулық кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламадан қолдау табуда
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 21:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламадан қолдау табуда

6 Сентября 2016 (15:27) | 2794 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласында «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау тауып, кәсібін өркендетіп отырған кәсіпорындармен «Даму» кәсіпкерлерлікті қолдау Қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы арқылы тансудың сәті түсті. Алғашқы нысан «Берекет-Ф» ЖШС-нің макарон және нан өнімдерін шығаратын зауыты болды. Өндіріс орны жұмысымен өңірге іс-сапармен келген кезінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қабибулла Жақыпов та танысып, оң бағасын берген болатын.

 

ТӘУЛІГІНЕ 2 ТОННА МАКАРОН

 

Ақтау қаласының тұрғыны Зарета Фаталиева қаржылай қолдау сұрап, «Даму» кәсіпкерлерлікті қолдау Қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалына жүгінген. Кәсіпкер ұсынған бизнес-жоспар жұмысын осыдан бірнеше жыл бұрын бастаған нан зауытында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп (ғимараттың 2,3,4 қабаттарында), макарон өнімдерін шығаратын жаңа цехтар ашу болатын. Өндірістік өнеркәсіп түріне жататын жоба шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау бағдарламасы шеңберінде мақұлданып, жылдық 6 пайызбен несие беріледі.

 

- Наубайхана мен макарон өнімдерін шығаратын цех ағымдағы жылдың наурыз айында өз жұмысын бастады. Макарон өнімдерінің әзірге алты түрі шығарылуда. Өнімдеріміз Ақтау қаласындағы дүкен сөрелерінде қойылған. Одан бөлек, Жаңаөзен қаласы, Шетпе кентінен, Ақшұқыр, Тельман ауылдарынан тапсырыстар қабылдаймыз. Өндірістің барлық кезеңдерінде тек отандық шикізат қолданылады. Нан өнімдеріне қажет ұнды Бейнеу ауданынан және Орал қаласынан сатып аламыз. Түрлі пішіндегі нан, тоқаш және тәтті нандарды да әзірлейміз. Тағамдарды сатып алушылар саны жетерлік. Келісімшартқа отырған тұтынушылардан бөлек, мектептер, әскери бөлімдер, ауруханалар мен сауда нүктелеріне өзіміз шығаратын нан өнімдерін жеткіземіз. Бағасы қолжетімді, жаңа піскен нан дүкен сөрелерінде ұзақ сақталмай, тез сатылып кетеді,-дейді «Берекет-Ф» ЖШС-нің қызметкері Аида Менажиева.

 

А. Менажиеваның айтуынша, цех тәулігіне 2 тонна макарон шығарады. Мұнда шығарылатын өнімнің бағасы арзан, сапасы жоғары. Кәсіпкер бұл жобаны ішкі нарық сұранысы мен шығындарды есептеп, тиімділігіне көз жеткізген соң барып қолға алыпты.

 

-Біз шығаратын кез-келген тағам әрдайым жоғары сапалығымен ерекшеленеді. Сауданың өзіндік құнын қайтаруда үлкен шығындарға бармаймыз. Дайын тағамға қымбат баға қойып, кейін өткізе алмай қоймада ұстағанша, қолжетімді бәсімен тез сатқан әлдеқайда тиімді. Алдағы күндері макаронның тағы екі түрі мен жайма шығару жоспарымызда бар. Біз өз ісімізді дамытуға әрқашан көңіл бөлеміз, - деді Аида Менажиева.

 

ЖЫЛЫЖАЙДАН 400 ТОННА ӨНІМ АЛЫНУДА

 

            Зауыттан соң «Байсырымов С.Ө.» жеке кәсіпкер меншігіндегі жылыжай шаруашығымен танысудың үмкіндігі туды. Ақтау қаласына жақын орналасқан кешен аумағында қияр өсіретін екі жылыжай орналасқан. Кәсіп иесі Саламат Байсырымов «Даму» кәсіпкерлерлікті қолдау Қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының қолдауымен бүгінде кәсібін өркендетіп отыр.

 

- Бізге «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржылай қолдау көрсетілді. Даму қорының субсидия бөлуімен банктен несие алдым. Алған қаржымызға «Гидропоника» технологиясын сатып алып, бүгінде қияр өндіріп жатырмыз. Жылына жылыжайдан 400 тонна өнім аламыз. Бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отырмын, - дейді жеке кәсіпкер Саламат Байсырымов.

 

Кәсіпкердің айтуынша, «Гидропоника» технологиясы - суға ерітілген құнарлы заттар көмегімен әртүрлі көкөніс пен жемістерді өсірудің заманауи тәсілі. Бұл әдісті қияр өсіруде қолдану арқылы өнімді арттырып, көкөніс егуге қажет жер көлемін әжептәуір азайтуға болады. Сондай-ақ, жақын арада кәсіпкер жердің қатты қабатына қызанақ егуді қолға алған. Бұл, әзірге пилоттық жоба. Дегенмен, келешекте өзі өсірген өніммен жергілікті сауда орындарын қамтуды көздеп отыр. Әзірге, жылыжайда өсірілген қияр «Асар» базарында көтерме бағамен сатылуда.

 

- ҚР Ұлттық қоры Бағдарламасына сәйкес алғашқы кезекте берілетін үлесті несие есебінен 100 млрд теңге бөлінген болатын. Бұл қаржы «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлі банктерге үлестірілді. Осыған сай, өндірістік өнеркәсіп шеңберінде бизнес ашқан кез-келген кәсіпкер осы бағдарламаға қатысып, жылдық алты пайызбен мемлекет қолдауына ие болады. Осы бағдарламалардың Маңғыстау облысында жүзеге асырылу барысымен бүгін жақын таныстым. Макарон өнімдерін, нан шығаратын цехтың жұмысымен, жылыжай шаруашылығымен таныстым. Барлығы да көңілімнен шықты, кәсіпкерлердің жұмысы жақсы жолға қойылған. Елбасының тапсырмасына сай біз әрдайым елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсетуге тиістіміз және осы бағытта жұмыстарды да жандандыруымыз керек, - деді өңірге сапары кезінде журналистерге берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қабибулла Жақыпов.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему