Отбасылық династия
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 18:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отбасылық династия

25 Октября 2016 (18:03) | 8981 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгінде полицей династиясын құрап отырған отбасылар баршылық, солардың бірі - бір мамандыққа адалдық танытып, қоғам тыныштығы жолында күннің ыстық-суығына қарамастан еңбек етіп, қашан да темірдей тәртіпке бағынатын полицейлер жанұясы турадлы әңгімелекпіз.

 

Маңғыстау облысы. Форт-Шевченко қаласында 01.01.1976 жылы дүниеге келген Жантуар Роза Мұстахиқызы туған қаласындағы С.М.Кирова атындағы орта мектепті 1992 жылы тәмамдап, үлкен өмірге жолдама алады. Полициядағы қызметіне келгені туралы мынадай мәліметтер алдық: 02.09.2001 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы ІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болып қызметке тағайындалған Роза Мұстахиқызы арда жеті жыл өткенде 09.10.2008 жылы Ақтау қаласы ІІБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің инспекторы қызметіне келеді (әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау істері жөніндегі тобының инспекторы). Осы аралықта ол полиция капитаны шенін алған болатын (31.01.2008 жылы).

 

.2003 жылы отбасын құрған Розаның өмірлік жолдасы: Каныев Рахат Төлебайұлы 1976 жылы Түрікменстан Республикасы, Байрам Али қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.Сәтпаев атындағы № 18 орта мектепті Қызыл Төбе ауылында бітірген ол -2001 жылы Маңғыстау облысы ІІБ Жол полиция Дербес батальонының 2 взвод инспекторы болып қызметке тағайындалған. Арада екі жыл өткенде, 2003 жылы Маңғыстау ОІІБ Жол полиция Дербес батальонының кіші жедел уәкілі болады. Қызмет барысында адалдық және алғырлық танытқан Рахат Каныев 2007 жылы Маңғыстау облысы ІІД ЖП ДБ арнайы взводтың аға инспекторы болып тағайындалыпты.

 

Қоғамдық тәртіпті күзету саласындағы қызметінде өрлей түскен Рахат Төлебайұлы 2012 жылдан бері Ақтау қаласы ІІБ ЖПБ мемлекеттік автоинспекторы болып қызмет етіп келеді. 2013 жылы капитан шенін алды.

 

Қазіргі таңда Роза мен Рахат жанұяда 2 ұл, 1 қыз - үш баланы тәрбилеп отырған үлгілі, бақытты ата-ана. Олардың 2004 жылы өмірге келген тұңғыштары Төлебаев Бекарыс № 28 орта мектептің 7 сынып оқушысы, 28.06.2006 жылы дүние есігін ашқан қыздары Төлебай Інжу Рахатқызы № 28 орта мектептің 4 сынып оқушысы, 01.02.2012 жылы туылған кенже балалары Рахатұлы Әбілмансұр № 61 «Сұлтан» балабақшасына барады.

 

Жантуар Розаның әкесі Жантуар Мұстахи Жапарұлы 25.03.1949 ж.т., Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 6 баланың аяулы әкесі. 1978 жылы Форт-Шевченко қаласындағы ІІБ (БХСС) социалистік меншікті қорғау бөлімінде инспектор болып қызмет еткен. 1994 жылы Форт-Шевченко қалалық ІІБ жанындағы күзет бөлімінің бастығы болып ауысқан. 1999 жылы, 50 жасында полиция майоры шенінде зейнеткерлікке шыққан.

 

 

Ақтау қаласы ІІБ орынбасары полиция полковнигі Раушан Гайсина:

- Қоғамнан өз орнын ойып тұрып алған мұндай отбасылар өзгеге үлгі болары белгілі. Осындай отбасылардың біразы біздің Ақтау қаласы ішкі істер басқармасында ел тыныштығын қорғауда аянбай еңбек етіп келеді.

Оларда отбасының ұйтқысына айналған полиция мамандығы әкеден балаға берілетін баға жетпес құнды мұраға айналғандай. Олай дейтініміз - бұрынғы полиция қызметкері Жантуар Мұстахи Жапарұлының қызы - полиция капитаны Жантуар Роза Мұстахиқызы әкесінің жолын қуып, осы мамандықты тандаған екен. Мұстахи ақсақал – өмірін ел тыныштығын қорғауға арнаған ардақты жан. Көзін ашқалы отбасында көрген әкенің мықты тәртібі мен талапшылдығы оны өмірде ширата түсті.

Анасының ақылы мен әкесінің үлгісі жас Розаны алыс арманға жетеледі. Ол – мен де құқық қорғау қызметкері болсам ғой деген бала тілек еді. Бүгінде Жантуар Роза, Ақтау қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес тобының инспекторы, бір қызығы, жан жарын да осы саладан тапқан.

Жолдасы Ақтау қаласы ІІБ Әкімшілік полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция бөлімшесінің мемлекеттік автоинспекторы полиция капитаны Каныев Рахат Төлебайұлы. Екеуі ұл-қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

- Біз де өз балаларымызды өз әкеміздің салған сара жолымен тәрбиелеп жүрміз, - деді, Роза өз сөзінде.

Міне, қиындығы мол осындай қызметте тек өзіндік дәстүрге берік отбасы ғана атқарар жұмысқа деген жауапкершілікті сезіне алады. Тағы бір белгілі нәрсе - ішкі істер органдарында қызмет еткен отбасыларда патриотизм, абырой және қызмет борышы ол қашан да жай, қарапайым сөз болып қалмайды. Жауапкершілігі мол, күні-түні ізденісті талап ететін, адам тағырын шешуге бағытталған бұл мамандық иелерінен құрылған отбасыларында кей кездері бірін-бірі апталап көрмейтін кездері де болады екен. Бірақ, олар өздерінің қиындыққа толы қызметтеріне түсіністікпен қарайды.

«Береке кетпеген әулеттен мереке кетпейді» деген осы болар. Ең бастысы, осындай жауапкершілігі мол мамандықты таңдаған жандар адал жар, асыл ана атанып, өз қызметтерін мінсіз атқарып, бір шаңырақтың отын жағып отыр, - деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Роза, 27 Октября 2016 (21:28)
0 0
Изги тилектеринизге рахмет! Сиздердин де отбасыларынызга амандык тилеймин!
Нуржихан, 26 Октября 2016 (13:35)
1 0
Оте жаксы жазылган макала,Папасы Форт-Шевченко каласына оте сыйлы адам.Роза сол кисинин урпагы.Розага тилерим алда турган талай белестерди багындыра билиниз.
Ерболат, 26 Октября 2016 (11:40)
1 0
Рахат менің ойымша жақсы инспектор! Өз басым жолда жақсы жерлерін көрдім. Бала шағасы аман болсын. қызметін адал орындай берсін.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему