Ақтаулық жасөспірімдерге жол ережелерін сақтаудың маңызы түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық жасөспірімдерге жол ережелерін сақтаудың маңызы түсіндірілді

16 Сентября 2014 (04:11) | 2866 | Автор: Редакция

 

Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғасынан жарақаттанудың профилактикасы бойынша 2014 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында «Назар аударыңыз, бағдаршам!» тақырыбымен республикалық онкүндік акциясы өтті.

 

Аталмыш маңызды шараны ұйымдастыруда Маңғыстаулық мамандар да белсенділік танытты.

 

Атап айтқанда, белгіленген мерзімде Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында дәрігерлер мен әкімшілк полиция қызметкерлері сынды мамандарды қатыстыра отырып түрлі семинар-сабақтар мен арнайы кездесулер ұйымдастырды.

 

Осындай шараның бірі облыс орталығындағы Энергетикалық колледждің І курс студенттері арасында өткізілді.

 

Аталмыш жиынға І курс студенттерімен қатар колледж ұстаздары, Маңғыстау облыстық ішкі істер Департаменті Әкімшілік полиция Басқармасының инспекторы, полиция лейтенанты Биялиева Гаухар Оразғалиқызы және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Шараның мақсаты туралы ұйымдастырушылар-Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары-жасөспірімдер арасында жол-қозғалысы ережесін қатаң сақтауды насихаттау, жол-көлік жарақаттарының алдын-алу,-деп мәлімдеді.

 

Жиын барысында сөз кезегі тигенде Маңғыстау облыстық ішкі істер Департаменті Әкімшілік полиция Басқармасының инспекторы, полиция лейтенанты Биялиева Гаухар Оразғалиқызы аймақтағы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне, олардан болған түрлі жарақаттар санына тоқтала отырып, жасөспірімдерге бейнефильм көрсету арқылы түрлі қайғылы оқиғаларға себепші болған жол апаттарының себеп-салдарын, жолда жүру ережелерін сақтаған кезде ғана қауіптің болмайтынын нақты мысалдар келтіру арқылы айтып түсіндірді.

 

 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары колледж студенттеріне жол қауіпсіздігі мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-танымдық материалдарды таратты.

 

Полиция лейтенанты Биялиева Гаухар Оразғалиқызы: «Облыс көлемінде жыл басынан бері 220 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оларда 65 адам қаза тапқан. Өткен сегіз айдың ішінде былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны артқаны байқалуда.

Яғни былтыр сегіз айда 6 бала жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапса, биылғы сегіз айда 9 бала қайғылы оқиғаға ұшыраған.

Ақтау қаласы бойынша жасалған талдаудың нәтижесіне назар аударар болсақ, жасөспірімдер мен балалардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Солардың 10 дерегі-балаларды автокөліктің қағып кетуі»,-дей келе қалада балалардың қатысуымен болған бірнеше жол-көлік оқиғаларын мысалға келтіре отырып, студенттерге бағдаршамның белгілері мен жол бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолақтардан өткен кезде де қазіргі жүргізушілердің мәдениеттісі де мәдениеті төмендері де жеткілікті болуына байланысты, жүргінші өзі мұқият болып, жан-жағына жіті қарап, сақтық шараларын алуы қажет екені жайлы ескертті.

 

Шараға қатысушы колледж студенттері тақырыпқа сай өзара пікір алмасып, мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, оларға тұшымды жауап алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему