Маңғыстауда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына мониторинг жүргізіледі
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 22:38
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Маңғыстауда үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына мониторинг жүргізіледі

13 Августа 2014 (04:10) | 2655 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық «Азаматтық Альянсы» облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «ҮЕҰ 2014 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруын бағалау және мониторинг жүргізу» жобасын іске асыра бастады.

 

Жобаның негізгі мақсаты-жергілікті атқарушы биліктің ҮЕҰ мен қарым-қатынасын нығайту арқылы сенімді серіктестік жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.

 

Аталмыш жоба аясында 2014 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуына бағалау және мониторинг жүргізіледі. Маңғыстауда қызмет ететін ҮЕҰ-дың рейтингісі анықталады және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырылу тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған ұсыныстардың әзірленуі жоспарланған.

 

«Азаматтық Альянс» барлық аталған ұйымдардың жұмысына мониторинг жасау арқылы олардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруын бағалайтын болады.

 

Жыл сайын облыс бюджетінен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есебінен қаржы бөлінуде. Жобаны үйлестіруші мамандардың пайымдауынша, «Аталмыш әлеуметтік тапсырыс-азаматтық қоғам мен билік арасындағы ықпалдастық қарым-қатынасты ғана емес, сонымен қатар сұхбаттасу мәдениетінің деңгейін көтеруге де өз септігін тигізді».

 

ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруы үшін бөлінетін қаржы 2006 жылмен салыстырғанда 15 есеге асып отыр, яғни 2006 жылы бұл мақсатқа бар болғаны 14 миллион қаржы бөлінсе, 2014 жылы бөлінген қаражаттың көлемі 210 миллион теңгеге жетіпті.

 

- Облыста жылма-жыл көшбасшы ұйымдар анықталады. Өңірде 300-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 70-і қазіргі кезде қарқынды түрде қоғамға көмегін тигізіп отыр. Үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін қаражат соңғы 8 жыл ішінде 15 есеге артқан. Азаматтық Альянс алдағы уақытта да сол қаржының дұрыс игерілуін, жариялылықты талап ететін жаңа жобаны таныстырып отыр.

 

Біздің мақсатымыз-жергілікті билік пен үкіметтік емес ұйымдардың арақатынасын анықтау. Мониторинг пен бағалау арқылы олардың жетістігін анықтау, кемшілігі болса-ұсыныстар айту,-деген пікірін білдірді Маңғыстау облыстық «Азаматтық Альянс» президенті Жақсыгүл Маханбетова.

 

Жетекшінің мәлімдеуінше, «Аймақта ҮЕҰ қалай дамуда?, Жергілікті билікпен қарым-қатынасы қалай қалыптасуда? Әлеуметтік тапсырысты орындау сапасы қандай?-деген сауалдарға қажеттілікті анықтаған жағдайда және жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа мониторингті жүйелі жүргізгенде ғана жауап алуға болады».

 

Өңірдегі қоғам, билік және бизнес ҮЕҰ-дың атқарған қызметін қалай бағалайды? Мемлекеттік органдар мен қарым-қатынасында қандай жетістіктер бар? Қандай мәселеге көңіл аударуымыз керек? ҮЕҰ-дың беделі қандай дәрежеде? Көшбасшы ұйымдар қатарына кімдер ілікті?

 

Осындай маңызды мәселелерді анықтау үшін аталған жоба жүзеге асырылатын болады. Бұл жобаның аясында 2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуына бағалау және мониторинг жүргізу басталып та кетті. Оның нәтижелерін жария ету алдағы күндердің еншісінде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему