Еңбек ұжымымен кездесті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 03:41
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Еңбек ұжымымен кездесті

16 Апреля 2014 (09:48) | 1982 | Автор: Редакция

 

Қалалық прокуратура мамандары «Ақтау электр желілері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Жиынға Ақтау қаласының бас прокуроры Талғат Әлібаев, «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК директоры А.Қабдолғалиев, «НұрОтан» партиясы қалалық филиалының өкілі және қала прокурорының аға көмекшісі Айгүл Бөлекбаева, прокуратураның бөлім бастығы Өтеулі Арман, прокурордың аға көмекшісі Сүлейменов Қайрат пен қала прокурорының көмекшісі Айнұр Жөнелбек қатысты.

 

Кездесудің мақсаты туралы баяндаған Ақтау қаласының бас прокуроры Талғат Әлібаев еңбек ұжымына арнаған сөзінде қазіргі таңда еліміздегі құқыққорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң қабылдау саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталып, қызметкерлердің өздерін толғандырған түрлі сауалдарын беріп, оларға қалалық прокуратура мамандарынан толыққанды жауап алу мүмкіндіктері барын айтты.

 

 

«Ақтау электр желілері басқармасы» МКК-ның заңгер маманы мен бас инженері тарапынан кәсіпорын қызметіне байланысты туындаған кейбір мәселелердің заң тұрғысындағы шешімі жайлы сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

 

Кездесуде қала прокурорына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған кіші және орта бизнес өкілдерін тексеруге мораторий жариялау туралы Жарлық тұрғысында біраз сауалдар жолданды. Қала прокуроры Талғат Әлібаев қойылған сауалдарға заң тұрғысынан түсіндірулер беріп, прокуратура бизнес өкілдерін заңсыз тексерулерден қорғауға әркез дайын екенін айтып, заңмен берілген жеңілдіктермен тиесілі субъектілердің қамтылуына прокуратура мамандары әрдайым мүдделі екенін мәлімдеді.

 

 

«Бүгінгі қалалық прокуратураның ұйымдастырып отырған «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК еңбек ұжымымен кездесуінің басты мақсаты-аталған басқарма қызметкерлерінің назарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне жаңадан енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды жеткізу, аталған салаға байланысты өзгерістерді құқықтық насихаттау болды. Осы жиын барысында «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК қызметкерлерінен әртүрлі бағыттағы сауалдар түсті. Соның бірі-жақында Елбасымыздың Жарлығымен қабылданған «Жеке шаруашылық жүргізу субъектілеріне тексеріс жүргізуге 2014 жылдың 1 сәуірден бастап мораторий жариялау туралы» болса, мұнан өзге тұрғын-үй коммуналдық қатынастары мен электр жүйесіне байланысты аталмыш кәсіпорын мамандарын толғандырған түрлі сұрақтар қойылды. Мұндай қала тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен және кәсіпорын басшыларымен кездесулерді ұйымдастыру-қалалық прокуратураның күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Ол алдағы уақытта да өз жалғасын табады»,-деп мәлімдеді Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі ІІІ сыныпты заңгер Айнұр Жөнелбек. 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему