«Жас отау» клубы ашылды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 07:29
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

«Жас отау» клубы ашылды

14 Апреля 2014 (07:23) | 2469 | Автор: Редакция

 

Сенбі күні облыс орталығындағы «Неке сарайында» Ақтау қаласының әділет басқармасының, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және «Бәйшешек» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен құрылған «Жас отау» клубының таныстырылымы болып өтті.

 

Ақтау қаласының әділет басқармасының, басшысы Елемесова Айша Заманбекқызының мәлімдеуінше:«Біздің әділет басқармасының жанынан 2013 жылы ашылған аталмыш клубтың алдына қойған мақсаты-алғаш отау тіккен жас жұбайларға отбасы құндылықтарын қастерлеп, оны сақтауды үйрету. Отбасы-шағын мемлекет. Оның жеке саясаты, мақсат-міндеттері, өз стратегиясы болуы шарт. Алайда, соңғы 10 жылдық статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ақтау қаласында қиылған некенің 30 пайызы бұзылған. Мысалы 2013 жылы 2722 неке тіркелсе, 752-неке бұзылған.

 

Бүгін «Бәйшешек» қоғамдық қоры көпшілікті өзінің жұмысымен таныстырды. Біз өз тарапымыздан қалалық әділет басқармасы заңдылық тұрғыда азаматтарға қандай қызметтер көрсетілетіні жайлы айтып түсіндірдік. Тек АХАТ бөлімі ғана емес, сонымен қатар заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу сияқты толып жатқан заң қызметтерін көрсететініміз жайлы әңгімеледік.

 

Әр сәрсенбіде сағат 14-30 дан бастап клубтың жұмысы басталады. Әрбір адам өзін толғандырған сауалын мамандарға қойып, оларға нақты жауап ала алады. Енді өзара тіл табыса алмаған ерлі-зайыптылардың клубқа келіп, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы маманының немесе психологтың және Әділет басқармасы қызметкерлерінің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңнамасы бойынша келелі кеңестерін тыңдап қайтуға мүмкіндіктері бар».

 

 

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақтау қалалық перзентханасында біз былтырғы жылы «Ана мен бала» мектебін ашқан болатынбыз. Сол жерде ақпараттық-ағарту материалдарымен қамтып, жас аналарға кеңестер береміз. Отбасы, балалар күні деген мерекелерде іс-шаралар өткіземіз, әйелдерге сыйлық жасаймыз. Сонымен қатар, биыл мемлекеттік тапсырысты ұтып алып, барлық әйелдерді және ерлерді ақпараттандыру мақсатында, оларға отбасының берекесін сақтауға көмектесу мақсатында осы «Жас отау» клубын ашып отырмыз. Бізге Ақтау қаласының әділет басқармасы көмегін беріп жатыр, өздерінің мамандарын қосып, заңдық тұрғыда азаматтарға кеңес ұсыну жөнінен жұмыстануда.

 

Сонымен қатар, біз халықты әлеуметтік қамту орталығы мен медиаторларға да ұсыныс жолдап отырмыз. Бірлесіп жұмыс жасап, қайтсек те көбейіп бара жатқан ажырасулардың азаюына күш салып, оларды болдырмау бағытында жұмыстануды қолға алып жатырмыз.

 

Отбасының ажырасуының түрліше себептері болуы мүмкін. Жанұяда баланың болмауы, әлеуметтік жағдайдың төмен болуы, прогресстің әсерінен-сексуалдық сәйкессіздік, жұмыссыздық деген сияқты толып жатқан себеп-салдары бар. Судьялардың айтуына қарағанда, олар отбасылардың ажырасу туралы арыздарын қарап та үлгермей жатады екен. Бізді қазір билеп тұрған бұл-прогресс. Біз отбасылық проблемалардың шеңберінен шыға алмай отырмыз. Көбінесе әйелдерге көп көмектесуіміз керек. Сонымен қатар біз ер азаматтарға да арнап оқу сабақтарын жүргізетін боламыз. Қала тұрғындары біздің клубымыз жайлы көбірек естіп, бізге келіп, проблемаларымен бөлісіп, қажетті кеңес алса, өздерін толғандырған түрлі сауалдарына жауап алып, мәселелерін шешсе деп ойлаймыз.

 

Осы бағдарламаны жүргізу барысында біз отбасылар неліктен ажырасады деген мәселеге мониторинг жасап, оның нәтижелерін үкіметке ұсынамыз. Қалай болғанда да бүкіл қоғам болып, жанұялардың ажырасуы мәселесін жоюға жұмылуымыз қажет»,-деді «Бәйшешек» қоғамдық қорының директоры Алтын Сарсенқызы Сақтағанова.

 

Облыс орталығының 14 шағынауданында орналасқан «Неке сарайынан» ашылған «Жас отау» клубына келіп, мамандар кеңесіне құлақ түріңіз, ағайын. Ажырасу алдында тұрған отбасылар мамандар кеңесінен соң, асығыстық жасау ағаттық екенін түсініп, өз пікірлерін өзгертсе, сөйтіп біртіндеп неке бұзу проблемасы азайса, қоғамда белең алған келеңсіз жайттан арылып, мемлекетіміздің де нығая түсетініне сенім мол. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему