1414 телефон номері арқылы қызмет көрсетілді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:31
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

1414 телефон номері арқылы қызмет көрсетілді

10 Апреля 2014 (10:47) | 2803 | Автор: Редакция

 

Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) Ақтау қалалық бөлімінің Мобильді тобы 1924 жылы туған еңбек және тыл ардагері Қошанқызы Ақзия әжейдің үйіне барып қызмет көрсетті. Өтініш берушіден жеке куәлігінің уақыты өтуге жақындағандықтан қайта шығарту үшін құжаттар қабылданды. Денсаулығына байланысты Ақзия әжей өз бетінше Халыққа қызмет көрсету орталығына келе алмайды. Осы қызметті алу үшін өтінім «Call Center» арқылы 1414 нөмірі бойынша рәсімделді. Мобильді топтың Ақтау қалалық ХҚКО бөлімініңинспекторы ЖҰМАҒҰЛ Дархан клиенттің қызметтер бойынша сұрағына толықтай ақпарат берді.

 

Ақзия әжей өз кезегінде, «Біздей қарияларды елеп-ескеріп жүрген сіздерге мың да бір рахмет!» деп, орталық қызметкерлеріне шексіз алғысын айтты.

 

«Азаматтар назарына сала кетейік, бүгінгі таңда, үйіңізден шықпай-ақ e-gov.kz қызметі арқылы және кез-келген телефоннан «1414» санын теру арқылы тегін ақпарат пен қызмет түрін пайдалануыңызға болады. Қызметтің бұл түрі І, ІІ топтағы мүгедектерге өте тиімді болып отыр. Кез-келген қажетті құжатын олар ешқайда бармай-ақ осы тегін қызмет түрі арқылы ала алады.

Неменеге жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр,-деп Мұқағали ақын жырлағандай азайып бара жатқан қарияларымызға қолдан келген көмегімізді көрсетуге қашан да дайынбыз»,-деп мәлімдеді «ХҚКО» РМК Маңғыстау филиалының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему