«Олжа» әмбебап сауда орталығында дұрыс тамақтануды насихаттауға арналған акция өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:41
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

«Олжа» әмбебап сауда орталығында дұрыс тамақтануды насихаттауға арналған акция өтті

7 Апреля 2014 (12:12) | 2035 | Автор: Редакция

 

Жексенбінің кешінде «Олжа» әмбебап сауда орталығына азық-түлік сатып алуға келген қала тұрғындарына сүт өнімдерінің (қаймақ, айран) дәмін татып көру ұсынылды. Кейбірі таңырқап қарап, тосырқап қалса, енді бірі ұсыныстан бас тартпады. Ақтың дәмін татуды ұсынып, оның адам ағзасы мен денсаулығы үшін зор пайдасы туралы халыққа түсіндіру жүргізіп, сауда орталығында «Денсаулық қалашығын» ұйымдастырған «Тенгри» жастар қоғамдық қоры болатын.

 

Аталмыш қордың мамандары денсаулыққа зияны көп газдалған сусындарды сатып алған адамдарға оларды пайдасы мол сүт өнімдеріне алмастыруды ұсынды. Денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтанудың маңызы, «Соса-соlа», «Фанта», «Спрайт» және т.б. зиянды газды сусындардан адам ағзасына келетін залалдар туралы айта отырып, өз қаламыздың сүт зауытында өндірілген айранның денсаулық үшін берер пайдасы туралы түсіндіріп, салауатты тамақтану туралы ақпараттық буклеттерді таратты.

 

«Бұл акцияны қала тұрғындары арасында 7 сәуір-Бүкілдүниежүзілік денсаулық күніне орай Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының қолдауымен өткізіп отырмыз. Денсаулық күніне орай аймақта түрлі шаралар 12 наурыздан бастап ұйымдастырылуда. Біз мұндай акцияны бұдан бұрын 24 наурызда да өткізгенбіз. Бүгінгі күні халықтың белсенділігі біздің өзімізді де таң қалдыруда. Адамдар дүкеннен сатып алған зиянды газдалған сусындарын айранға қуана-қуана алмастыруда. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер акцияға белсене қатысуда. Олар мамандардың кеңесінен кейін кәдімгідей ойланып қалғаны анық байқалуда,-деді «Тенгри» жастар қоғамдық қорының директоры Жанна Алмакаева шараның мақсаты жайлы сауалымызға.

 

Мұғалім Жұмагүл Серікбаева: «Мына өткізіліп жатқан акция-өте құптарлық шара. Ұйымдастырушыларға алғысымыз мол. Балаларымыз асқазанның жұмысын бұзатын зиянды «Соса-соlа» сусынын ішпегенін қалаймын. Адамдардың денсаулығы мықты болсын. Сол үшін бәріміз бірге еңбектенейік, атсалысайық. Мен өз оқушыларыма да үнемі дұрыс тамақтану туралы айтып отырамын. Себебі жастар-біздің болашағымыз. Ал ұлт болашағының дені сау болса-келешегіміз де жарқын болатыны сөзсіз»,-деп өз пікірін білдіріп, акцияны ұйымдастырушыларға деген ризашылығын жасырмады.

 

Ақтау қаласының тұрғындары Бейсенғали Базарбаев пен Аманғали Нұрғалиев есімді азаматтар да өздері сатып алған «Соса-соlа» сусынын айранға ауыстыруға бірден келісіп, зиянды сусыннан бас тарту абзал екенін түсінгендерін айтып, өзгелер де біздің жасағанымызды құптаса екен деген тілектерін білдірді.

 

Сауда орталығына ата-аналарымен келген балғындар айранның дәмін татып көріп, өзлері сұрап алғызған зиянды сусындарын сол жерде айранға алмастыруға келісіп жатты. Ересектер де белсенділік танытып, денсаулықтың мықты болуы әркімнің дұрыс тамақтанып, спортты серік етіп, салауатты өмір салтын ұстануына байланысты екенін түсінетіндіктерін аңғартты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему