Маңғыстау облысының ХҚКО қызметкерлері сенбілікке шықты
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:59
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Маңғыстау облысының ХҚКО қызметкерлері сенбілікке шықты

7 Апреля 2014 (08:12) | 2279 | Автор: Редакция

 

Кезекті сенбілік қала тұрғындары мен мекемелер үшін, қала көркі мен тазалығына шын мәнінде жаны ашитын адамдар үшін нағыз еңбек майданына айналды. Сенбілік кезінде шағынаудандардағы аула іштері мен көше бойы тротуарларына және жүргіншілер жолдары, кіші көше қиылыстарына аса көңіл бөлініп тазаланды.

 

Тазалық жұмыстары тек қала аумағында ғана емес, қаладан тыс аймақтарда, қала тұрғындарының демалатын орындарында, сондай-ақ сауда орталықтары мен шағынаудандар арасында да жүргізілді. Дәл осы уақыттарда 15-шағынауданнан бастап, теңіз жағалауындағы «Достар» базасына дейінгі аймақтарға да тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке жеке кәсіпкерлер мен сауда орталықтарының сатушылары да белсене атсалысып, шыбық отырғызып, ағаштарды әктеп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

 

Қалада тазалық жұмыстарын жүргізіп, қаланы көркейту мақсатында арнайы жоспар жасақталып, қалалық сенбілік жарияланған болатын. Сенбілікте мекеме ұжымдары мен студенттер тазалық жұмыстарын ойдағыдай атқарып, қызу еңбек етті. Ұжым болып атсалыса отырып, қолдарына күрек, сыпырғыларды ұстап, сенбілікке бір адамдай атсалысып, тазалыққа өз үлестерін қосты.

 

«Сенбілікке «ХҚКО» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының барлық бөлімдері де жаппай атсалысты. Сенбілік кезінде ағаштардың түбі қопсытылып, жол жиектері ағартылып, ХҚКО ауласы мен қызмет көрсету залдары тазартылды және әр қызметкер өзінің қызмет орнына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Халықтың ең көп келетін орындарының бірі болғандықтан ХҚКО айнадай таза болуы шарт»,-делінген ХҚКО РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі жолдаған мәліметте.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему