Ақтаулық оқушылар ІІ Республикалық «Ғылым фестивалінің» жүлдегерлері атанды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 15:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушылар ІІ Республикалық «Ғылым фестивалінің» жүлдегерлері атанды

13 Апреля 2014 (12:37) | 6043 | Автор: Редакция

 

«Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатындарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың» оқушылары 2014 жылдың 4-5 сәуір күндері Семей қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» өткен «Болашаққа қадам» атты оқушылардың ІІ Республикалық Ғылым Фестивалінен жүлдегер атанып, олжалы оралды.

 

Дарынды балалар білім алатын мектеп-интернатынан математика, химия және тарих пәндері бойынша оқушылардың ғылыми жобалары іріктеуден өтіп, балалар өз жұмыстарын қорғауға Фестивальге қатысты және жүлделі орындарды иеленіп, елге жеңімпаздар атағы мен қуаныш арқалап қайтты.

 

Математика пәнінің жоғары санатты мұғалімі Роза Жолдыбаевна Атамуратованың 10 сынып оқушылары Естурлиева Алтынай мен Тлекбаев Сарбаз «Замечательные точки и линии треугольника» («Үшбұрыштың ғажайып нүктелері мен кесінділері»), тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Тілектес Оразбергеновна Маскарованың 8 сынып оқушылары Кенжебек Нұрабек пен Мудебаев Еркін «Драматические сюжеты коллективизации в Мангистау в 1928-1933 г.г.» («1928-1933 жылдардағы Маңғыстаудың қайғылы тағдыры») тақырыбындағы ғылыми жобаларымен жүлделі І орынды иеленіп лауреат атағын алса, жас химия пәнінің мұғалімі Гүлсара Жакашовна Аканованың 10 сынып оқушысы Қожамбетова Гүлназ «Күнбағыс майынан биоотын алу жолдарын зерттеу» тақырыбы бойынша қорғаған ғылыми жобасы үшін «Үздік зерттеуші» номинациясымен марапатталды.

 

«Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты»-еліміздегі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (ДББҰ) озық педагогикалық тәжірибесін Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беретін мектептерге таратушы 35 базалық мектептердің бірі.

 

Білім ордасының директоры Рысты Шорақызы Нұрбосынова: «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмысқа мектепте ерекше назар аударылады. Мектеп-интернатының басты міндеті-дарынды балаларды анықтау, олардың бойындағы дарындылықты дамыту, Қазақстан Республикасының келешек зияткер, дене бітімі түзу және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Бұл мақсатқа мұғалімдер мен ата-аналар қауымдастығы ынтымақтастығының нығаюымен жетуге болады. Мектеп оқушыларына арналған түрлі байқау, сайыстар, олимпиадаларға дайындап қатыстыру-пән мұғалімдерінің шығармашылық шеберлігі, ал жүлдемен оралу-мұғалім абыройы, мектеп жетістігі, ата-ана қуанышы.

 

Мектеп ұстаздары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның жанынан ашылған Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жаңа технологияларды меңгеруде. Мұғалімдер арқылы енгізіліп жатқан инновациялық әдіс-тәсілдер тек оқу процесін жаңартып қана қоймай, мектептегі тәрбие үдерісіне, оқушылардың өзін-өзі реттеуі және басқаруына да жаңа серпін, жаңа көзқарас келтіруде,-деген пікірімен бөлісті.

 

Ғылым Фестивалінде жетістікке жеткен оқушыларға бағалы сыйлықтар тарту етіліп,, оларды даярлаған мұғалімдер «Лауреатты дайындағаны үшін» Дипломымен марапатталды.

 

Балаларының жеңістеріне қуанған ата-аналар мен ұстаздары оларды зор қуаныш әрі мақтаныш сезіммен темір жол вокзалында қарсы алды. Білімдерін дәлелдеп, абырой биігінен көріне білген шәкірттер де, олардың санасына құйған білім нәрінің өз жемісін бергенін көрген ұстаздар қауымы да, ұрпағының білім жолында жеткен биік жетістіктеріне марқайған ата-аналары да ризашылықпен бір-бірін ортақ жеңістерімен құттықтап, төбелері көкке жетті.

 

Оқушылардың сапары барысында өмір қауіпсіздігіне және елге аман-есен оралуына жауапты болған, Астана, Семей қалаларына апарып, оларға қамқор болып, барлық жағдайды жасаған жетекші, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Жұбанова Амангүль Күзембайқызы болды.

 

 

Мектеп басшысы Рысты Шорақызы: «Бұл шараның мектеп үшін маңыздылығы-біздің оқушылардың «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» (НЗМ) білім алушылары арасында ерекше көзге түсуі: жас ғалымдарға Фестивальдың қазылар алқасы риза болып, келешекте байланысты үзбей НЗМ-мен ынтымақтастықта жұмыстарын жалғастыруға шақырды»,-деп мәлімдеді.

 

Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты оқушыларының Халықаралық ғылыми жобалар сайысы мен рейтингтік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүргені мәлім. Алайда аталған оқушылардың жеңісі ерекше. Облыста алғаш болып, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастырған шарасына қатысып, жүлделі орынға ие болу-базалық мектебінің жұмысының бір дәлелі.

 

Білімді өрендер республикалық ірі байқаулардан жеңіспен оралып, Маңғыстаудың абыройын асқақтатып, өздеріне білім беріп жатқан аяулы ұстаздарының беделін биікке көтеріп, үміт артқан мұғалімдері мен ата-аналарын шексіз шаттыққа бөлеп, осы жеңістерінің арқасында келешекте атақты оқу ордаларында білім алуға жолдама алу мүмкіндіктеріне ие болатыны анық.

 

Ендеше дарынды балаларға білім беруші ұстаздар қауымын, балаларының жетістіктеріне марқайған ата-аналарды және Ғылым Фестивалінде өз білімдерін дәлелдей білген жас өрендерді жеңістерімен құттықтаймыз. Келешекте де биік белестерді бағындырып, білім көкжиегіне ұмтылыс жолында мәртебелі жетістіктерге жетіп, асқар асуларды бағындыра беріңіздер деген тілек қосамыз. Егемен еліміздің ертеңі-білімді жастар көп болсын! 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему