Облыстық самбо федерациясының жаңа басшысы тағайындалды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық самбо федерациясының жаңа басшысы тағайындалды

24 Июля 2014 (04:03) | 5202 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық самбо федерациясының мәжілісі өтіп, жиында Маңғыстау облысының самбо федерациясының президенті болып Орақ Аяпов сайланғаны хабарланды.

 

Сондай ақ, мәжілісте Ақтауда самбо күресінің мектебін салу туралы әңгіме қозғалды.

 

Аймақтың самбо федерациясының жаңа басшысы Орақ Аяпов өңірде осы спорт түрін кеңінен дамытуға бар күш-жігерін салатынын айта келе, самбомен айналысып жүрген спортшылардың жетісітіктерін насихаттау арқылы жастарды самбо спортына тартудың жолдарына тоқталып өтті.

 

Маңғыстау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Иванович Пахомов аймақта самбо спортын дамытуға зор үлес қосып жүрген өлкедегі самбо күресінің бас бапкері Манарбек Бисекеновтің еңбегін атап өтіп, Басқарма атынан алғыс жариялады.

 

Облыстық самбо федерациясының вице-президенті Бейнеубек Көңілімқосұлы Әбілов: «Аймақта самбо спортының дамуына мүдделі азаматтардың бар екені қуанарлық жайт.

 

Балуандық өнер-қазақтың қанында ежелден бар нәрсе. Сол дәстүрді жалғастырып, қазақтың күресі, самбо күресі, дзю-до күресінің дамуына атсалысып келе жатқан азаматтардың еңбегі ерен.

 

Балуандарымыздың жеңісі бізді қуантып отыр.

 

 

Спорт-деген зор еңбек. Жеңіске деген үлкен жігердің сіздердің бойларыңыздан табылғанына, еліміздің абыройын асқақтатып, жеңіспен оралғандарыңыз үшін қуаныштымыз.

 

Алдағы уақытта да спорт өнерінде биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінетініңізге сенімдіміз.

 

Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, азаматтарды тәрбиелеуде жоғары жетістіктерге жете беріңіздер. Қуаныш құтты болсын»,-деген тілегін арнады.

 

Маңғыстау облысының самбо күресінен бас бапкері Манарбек Бисекеновтің мәлімдеуінше, «Облыста спорттың бұл түрімен 200-ге жуық бала айналысуда. Қарақия ауданында, Шетпе кентінде және Жаңаөзен қаласында балалар осы спорт түрімен 9 жастан бастап арнайы айналысады.

 

Ақтау қаласында самбо күресінің арнайы залы болмағандықтан жақын арада «Динамо» спорт кешенінен залды жалға алып секция ашатын боламыз.

 

Бұған дейін самбо күресінің аймақтық жарыстарын Шетпе кентінде өткізіп келген болсақ, енді келесі жылдан бастап бұл сайыстар Ақтау қалсында ұйымдастырылатын болады».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему