Ақтауда ашихара-каратеден қалалық турнир өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:09
Вход |Регистрация
Главное » Афиша-концерты

Ақтауда ашихара-каратеден қалалық турнир өтті

21 Апреля 2014 (12:31) | 5388 | Автор: Редакция

 

Жексенбі күні 11 шағынауданда орналасқан №10 орта мектептің спорт залында ашихара-каратеден қалалық турнир өтті. Спорттың бұл түрінен жарысты карате-до кекушинкай мен ашихара-каратеден Маңғыстау облысының Федерациясы Ақтау қалалық спорт комитетінің (төрағасы Нұрлан Джалимов) қолдауымен ұйымдастырды

 

Жарысқа спорттың осы түрімен айналысып жүрген әртүрлі салмақ пен жас мөлшеріндегі мектеп оқушылары қатысты.

 

Облыстық карате-до кекушинкай Федерациясының директоры Құлтасов Ынтымақ Кенжебекұлы: «Біз балаларды спорттың осы түріне 26 шағынаудандағы 14 орта мектепте орналасқан «Оқушы» орталығының «Ақ желкен» аула клубында жаттықтырамыз. Бізде 7 жастан бастап 16-17 жасқа дейінгі 70 шақты бала жаттығуда. 18-20 жастағы жастар да бар.

 

Спорт шеберіне үміткер болып жүрген шәкірттеріміз де бар солардың арасында. Біздің бұл спортпен айналысып жатқанымызға 3,5 жылдың көлемі болды. Осы уақыт ішінде 9 оқушымыз спорт шеберіне үміткер болып үлгерді. Қазір міне ашихара-каратемен етене бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Өткенде де олардың жарысына қатысқан болатынбыз.

Ашихара-каратенің ережелерімен өтіп жатыр, бүгінгі жарыс. Оларда жартылай кон

акт деп аталса, бізде кекушинкай-каратеде толық контакт деп аталады. Енді олардың ережелерімен төбелесіп жатырмыз бүгінгі жарыста. Спорттың бұл түрінен осы күнге дейін жеткен жетістіктеріміз де біршама. Бүгінгі турнирге бізден 30-ға жуық бала қатысуда. Ашихара-каратенің балаларымен біздің кекушинкай-каратенің балалары осылай бір-бірімен араласып, жақын танысып, келешекте арақатынасы күшейеді, сол арқылы олардың ой-өрісі шыңдалады.

 

 

 

Қазірдің өзінде бүгінгі жарыстың нәтижесі көрініп тұр. Бізден келген балалардың ішінен 10 шақты бала жүлделі орынға ие болады деген үміттеміз, себебі 4 баланың І орынға лайық екені анықталып үлгерді, сонымен қатар ІІ және ІІІ орындарды иеленетін оқушылар бар екені көрініп тұр. 8-9 жастан бастап, 10-11 жастағы балалар арасында. Мұндай қалалық жарыстарды жыл бойына өткізіп тұрамыз»,-деді.

 

Қазақстанның Ашихара-каратеден бран-чифі Игорь Викторұлы Отаров: «Ашихара-карате Қазақстан бойынша тек қана бізде Ақтау қаласында дамуда. Біз Жапон елімен тікелей жұмыс жасаймыз осы спорт түрі бойынша. Бұған дейін әлем чемпионатына қатыстық. Енді жақында, 1 мамырда Будапешт қаласына Евразия чемпионатына барамыз. Осындай үлкен додаларға дайындық ретінде бүгінгідей жарыстарды мүмкіндігінше жиі өткізуді көздейміз. Мұндай турнир биылғы жылға екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бір жарыстан екінші додаға дейін біздің спортшылар шыныға түсуде. Солай талмай еңбектенудің арқасында әлемдік додаларда Қазақстанның көк туын желбіретуді мақсат тұтудамыз»,-деген өз ойымен бөлісті.

 

«Жақында біз Қызылорда қаласында өткен Қазақстан чемпионатына барып, олжалы оралдық. 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медальды жеңіп алдық. Қуаныштымыз, әрине, ата-аналар да риза, 3 жылдың көлемінде жаттыққан балалардың өздерінің еңбектерінің жемісі екені анық, сонымен бірге мұнда жаттықтырушы бапкерлердің де сіңірген еңбегі зор.

 

Қазір балалардың каратемен айналысуға деген талаптары, талпыныстары, қызығушылықтары күшті. Жеңіспен оралған балалардың ағайын-туыстары, көршілері және сыныптастары бар, көптеген балалар бізге каратеге тартылып жатыр.

 

Қыздар да каратенің осы түрімен айналысуда және тым жақсы жетістіктерге жеткендері де бар. Бүгінгі жарыста да ІІ және ІІІ орынға лайық ойын көрсеткен қыздарымыз да бар кекушинкай-каратемен айналысатын оқушы қыздар арасынан.

 

 

 

Қызылордада өткен республикалық чемпионатта 16-17 жас аралығындағы балалар арасында Орынбасарова Балнұр есімді қызымыз чемпион атанып, алтын медальға ие болса, Мырзабаева Камила атты қызымыз ІІІ орынды жеңіп алып, қола медальдің иесі атанды. Бұл көрсеткіш-ел чемпионатындағы жеңіс-өте жоғары дәрежедегі жеңіс болып саналады. Екі жыл көлемінде жаттығып, чемпион атағына ие болып жатқан оқушыларымыз да бар. Бұған дейін жеңімпаз атанған түлектеріміз қазір университеттің студенттері»,-деп мәлімдеді Ынтымақ Кенжебекұлы өз шәкірттерінің жетістіктері туралы мәліметтермен бөлісе отырып.

 

Жарыс барысында оған қатысушы балараға қарап тұрып, олардың спортқа деген қызығушылықтарын, жеңіске жетсем деген талпыныстарын көріп, риза болдық. Өрімдей жас жеткіншектердің өжеттілікпен ойын көрсете отырып, жеңімпаз болуға деген талаптары қуантты. Жарысқа қатысушы балғындар арасында қазақтың қаракөз ұлдары мен қыздары көп екені бірден көзге ұрып тұрды. Егемен еліміздің келешегі спорттың кез-келген түрінен чемпион атанып, ел абыройын асқақтатып жатса, әрі дені сау, мықты ұрпақ өссе одан ұтарымыз мол болары сөзсіз, әрине.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему