Биыл 3 тарихи ескерткішке қазба жұмыстары жүргізіледі
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 07:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл 3 тарихи ескерткішке қазба жұмыстары жүргізіледі

18 Апреля 2014 (15:48) | 5422 | Автор: Редакция

 

«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесі Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне орай «Жерұйығым-Маңғыстау» тақырыбында ғылыми-танымдық кеш ұйымдастырды. Шараға арнайы шақырылған облыстық туризм басқармасының өкілдері, «Туризм колледжі» оқытушылары, өлкетанушылар және студенттер қатысты.

 

«Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне орай жыл сайын осындай іс-шараларды ұйымдастыруды үрдіске айналдырдық. Ондағы біздің мақсатымыз-жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи-мәдени ескерткіштерімізді жас өрендерге таныстырып, тарихи жәдігерлерімізді сақтап, қастерлеп ұстауға тәрбиелеу, қоғамның назарын осыған аудару. Жыл бойына өзімізге мәдениет басқармасымен бекітілген Қараман ата, Қошқар ата және жол бойындағы ескерткіштерге барып, сенбілік жұмыстарын өткізіп тұрамыз. Оқушыларды алып барып тарихи-мәдени ескерткіштерді көрсетеміз.

 

«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының» басты міндеті-аймақтағы тарихи ескерткіштерді анықтау, қорғау, зерттеу, құжаттандыру, БАҚ арқылы олар туралы мәліметтерді қоғамға тарату. Қорықтың өзі бес бөлімнен тұрады. Осы бөлімдердің барлығының ортақ мақсаты, міндеті, жұмысы тарихи құндылықтарды анықтай отырып, оларға зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, тарихи ескерткіштерді халық арасында насихаттау, археологиялық қазба жұмыстарына, ғылыми экспедиция жұмыстарына қатысу болып табылады.

 

Қазіргі таңда 449 тарихи ескерткіш мемлекеттік қорғауда тұр. Оның 21-і республикалық дәрежеде, 800-ден астам тарихи ескерткіш алдын-ала есепке алынып, тізімге енгізілген»,-деп мәлімдеді «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Нұрлан Құлбаев.

 

 

Кеш барысында өлкетанушылар мен туризм басқармасының мамандары аймақтың туризм саласын дамытудың мәселелері жөнінде келелі әңгіме қозғады. Өнерлі жастар кеш қонақтарына арнап күмбірлетіп күй шертіп, әуелете ән салып, Маңғыстаудың бай шежірелі тарихын, ұлы даланың өзіндік даралығын паш ететін шығармаларды орындады.

 

 Қорық басшысы Нұрлан Абызұлының айтуынша, «Жылда өзіміздің жоспарлаған буклеттеріміз шығып жатыр, мысалы «Шопан ата», «Шақпақ ата» қорымдары туралы. Енді биылғы жылы «Сұлтан Епе» жайлы шығады және аймақтық үш жылдық жоспарымыз бойынша 3 тарихи ескерткішке қазба жұмыстары жүргізіледі: Саура кешеніне, Алтын қаһар деген жерге және Кетікқалаға. Сол үшеуінен табылған жәдігерлерді және биыл құжаттандыратын, анықталатын ескерткіштерді қосып, жаңалықтардың бәрін біріктіріп, осы жылдың аяғында буклет шығаруды жоспарлап отырмыз.

 

 

 

Жыл сайын әкімшілік жанынан әдістемелік кеңес өткізіп тұрамыз, осы жылы маусым айының 8-10 аралығында осындай жиын өтеді».

 

Жиынға қатысқан студенттер мен өзге де келушілер қорық мамандары ұйымдастырған «Қызылқала» және «Сисем ата» тарихи ескерткіштеріне арналған жылжымалы көрмені тамашалады. Қорық мамандары аталмыш көрмені білім ордалары мен еңбек ұжымдарының тапсырысы бойынша апарып тамашалатуды жоспарлап отыр.

 

 

Ендеше өлке тарихына саяхат шегу қызықтырса, қорық қызметкерлеріне хабарласу арқылы жылжымалы көрмені тамашалап, өңірдің бай тарихы туралы мол мағұлмат алу мүмкіндігін пайдалана аласыздар. Әсіресе, жас өрендерді өңір тарихы мен аймақтағы мәдени-тарихи ескерткіштермен таныстырып, бабалар мұрасын қастерлеуге баулысақ, одан ұтарымыз мол болары анық.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему