Маңғыстаулық балалар дәрігерлері гастроэнтерология бойынша біліктілігін жоғарылату курсынан өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балалар дәрігерлері гастроэнтерология бойынша біліктілігін жоғарылату курсынан өтті

18 Августа 2014 (04:36) | 4904 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының базасында аймақтағы балалар дәрігерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

 

Алматы қаласынан арнайы шақыртылған Педиатрия және балалар хирургиясы Ғылыми Орталығының маманы, клиникалық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, гастроэнтеролог-дәрігер Назарова Альфия Зунунқызы Маңғыстау облысының дәрігерлеріне дәріс оқыды.

 

 

Ақ желеңді абзал жандардың біліктілігін арттыру курсын Маңғыстау облыстық денсаулықсақтау басқармасы ұйымдастырды. Аталмыш оқыту курсындағы дәрістермен аймақтың 30-дан аса медицина қызметкері қамтылған.

 

Оқытуды жүргізген маман Назарова Альфия Зунунқызы: «Бұл курстар медициналық қызмет көрсетудің алғашқы сатысында еңбек ететін дәрігер-мамандарға арналып өткізілуде. Елбасымыз еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде амбулаториялық қызметтің сапасын арттыру қажет деген міндет қойғаны белгілі. Осы міндеттердің үдесінен шығу үшін аталған курстар ұйымдастырылып отыр.

 

Осы дәрістер арқылы аудандық орталық ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және облыстық балалар ауруханасының базасында еңбек етуші дәрігерлерге консультациялық көмек көрсетуді мақсат тұтудамыз.

 

Алматыдағы біздің Ғылыми Орталық базасында осындай оқыту курстары үнемі ұйымдастырылып тұрады. Алайда жер шалғайлығын ескере отырып, әрі жергілікті жерде мамандардың жетіспеушілігін, дәрігерлерді 1-2 ай бойына қызметтен қол үзіп, оқуға жіберу мүмкіндігінің жоқ екенін және де республика бойынша медициналық қызмет көрсетудің алғашқы сатысында еңбек ететін дәрігер-мамандарға көмек көрсетуге басымдық берілуін ескеріп, Маңғыстау аймағында осындай жылжымалы циклды ұйымдастырдық.

 

Бұл оқыту курстары модульді жүйемен жүрізіледі, яғни, әрбір тарау бойынша, мысалы балалар гастроэнтерологиясы, балалар пульмонологиясы, балалар онкологиясы және онкогематология, балалар кардиохирургиясы.

 

Мен маңғыстаулық дәрігер-әріптестеріме балалар гастроэнтерологиясы бөлімі бойынша дәріс беру мақсатымен келдім.

 

Біліктілігін жоғарылату курсынан өтуге келген дәрігерлер санының 30-дан аса болуы, яғни біраз маманның біліктілігін жоғарылатып, практикалық көмек алатыны қуанарлық жайт. Дәрігерлер белсенділік танытып, сауалдар қойып, практикалық көмекпен қатар теориялық білім алуға құлшыныс танытуда»,-деген пікірімен бөлісті.

 

Дәріс алушы медицина қызметкерлерін сөзге тартқанымызда, курс старостасы, №1 Ақтау қалалық емханасының үшінші балалар бөлімшесінің меңгерушісі Тумышова Қарлығаш Гильманқызы: «Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының базасында өткізіліп жатқан облыс дәрігерлеріне арналған біліктілікті жоғарылату курсына аймақтың аудан-қалаларында қызмет етіп жүрген біршама медицина мамандары тартылған.

 

 

 

Біз мұнда гастроэнтерология саласы бойынша дәріс алудамыз. Алматыдан Ғылыми Орталықтан арнайы келген бас маман біздің дәрігерлік қызметімізге қажетті пайдалы ақпарат берумен қатар практикалық көмек те көрсетіп, жаңа стандарттарға сай озық инновациялық технологиялармен таныстырып, емдеудің жаңа әдіс-тәсілдерін үйретуде. Дифференциалды диагностика саласында сырқатты жан-жақты тексерудің, қандай дәрі-дәрмекпен емдеудің қыр-сырын түсіндіруде.

 

Сол себепті бізге дәріс беріп жатқан маманға, осы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырған облыстың бас педиатры Мұхамбетиярова Нұрсұлу Аманбекқызына дәрігерлердің алғысы шексіз.

 

Бұрынғыдай қазір алысқа барып оқуға өлкемізде дәрігерлер жетіспеуіне байланысты, біздің мүмкіндігіміз шамалы. Көбіне балалар дәрігері сияқты мамандар тапшылығына байланысты, үш дәрігердің орнына бір дәрігер қызмет атқарып жатады. Сондықтан өз өңірімізден ұзамай білімімізді толықтырып, жетілдіргеніміз-біз үшін үлкен жетістік болып отыр»,-деген ойын білдірді.

 

Оқытуды жүргізген маман гастроэнтеролог-дәрігер Назарова Альфия Зунунқызының мәлімдеуінше: «Дәрістер аяқталған соң оқыту курсынан өткен аймақ дәрігерлері курс материалдарының негізінде тест тапсырып, соның нәтижесі бойынша арнайы сертификатқа ие болады».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему