Қызылтөбе селосының тұрғындарына «Денсаулық жолы» атты кең көлемді медициналық көмек көрсетілді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызылтөбе селосының тұрғындарына «Денсаулық жолы» атты кең көлемді медициналық көмек көрсетілді

22 Июля 2014 (04:06) | 4031 | Автор: Редакция

 

Қызылтөбе селолық емханасының алдында ауыл тұрғындарына арналған «Денсаулық жолы» шарасы ұйымдастырылды.

 

Іс-шараны аймақта облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен қан айналымы жүйесі ауруының, қант диабетінің, онкологиялық аурулардың және тұрғындар арасында әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алуға бағытталған тегін медициналық қызметін көрсету, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тапсырмаларын орындау мақсатында өңірлік ауыл тұрғындарына арналған кең ауқымды «Денсаулық жолы» акциясы аясында «Қолдау-Қазақстан» коммерциялық емес ұйымы Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығымен бірлесіп, өткізді.

 

Науқан терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі мамандарын тарту арқылы оңтайлы медициналық бригаданың шалғайдағы ауылдарға баруымен жүзеге асырылады.

 

 

Елді мекенге атбасын тіреген дәрігерлік бригаданың құрамында кардиолог, эндокринолог, онколог, лор-дәрігер, УДЗ маманы, офтальмолог және жылжымалы зертхана мамандары бар.

 

Арнайы кесте бойынша ұйымдастырылған тегін дәрігерлік көмек көрсету аясында облыс орталығынан арнайы жеткізілген жылжымалы медициналық кешен ауыл тұрғындарына екі күн бойы қызмет етті.

 

Осы шараның нәтижесінде елдімекен тұрғындары скринингттік тексерулерден өткізіліп, ауыл адамдары арасында сауалнама жүргізіліп, ер азаматтардың денсаулығының маңыздылығы туралы ақпараттық бетшелер мен әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу туралы бейнероликтері жазылған CD-дискілер таратылып, бөріктілер ерлер денсаулығы орталығына шақырылды.

 

 

Аталмыш шараға село тұрғындары мен Қызылтөбе селолық емханасының қызметкерлері, облыстық денсаулық сақтау саласының мамандары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему