Маңғыстауда ауыл тұрғындарына арналған «Денсаулық жолы» кең көлемді акциясы басталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 09:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда ауыл тұрғындарына арналған «Денсаулық жолы» кең көлемді акциясы басталды

10 Июля 2014 (04:40) | 5096 | Автор: Редакция

 

Бүгін 9-шілдеден бастап аймақта облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен өңірлік салуатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының ұйымдастыруымен қан айналымы жүйесі ауруының, қант диабетінің, онкологиялық аурулардың және мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алуға бағытталған өңірлік ауыл тұрғындарына арналған кең ауқымды «Денсаулық жолы» акциясы басталды.

 

Науқан терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі мамандарын тарту арқылы оңтайлы медициналық бригаданың шалғайдағы ауылдарға баруымен жүзеге асырылады.

 

Жылжымалы медициналық кешеннің тегін дәрігерлік көмегін алу мүмкіндігі алғашқы күні Мұайлы ауданының Баянды ауылы тұрғындарына бұйырды. Елді мекенге атбасын тіреген дәрігерлік бригаданың құрамында кардиолог, эндокринолог, онколог, лор-дәрігер, УДЗ маманы, офтальмолог және жылжымалы зертхана мамандары бар.

 

Жылжымалы медициналық кешеннің жетекшісі Нұрманов Мұстапа Әлпейісұлы: «Акцияның негізгі мақсаты-ауылдың тұрғындары арасында қатерлі ісік ауруларының, жүрек-қантамыр, эндокринологиялық және басқа әлеуметтік маңызды аурулар мен мінез-құлықтық қауіпті факторлардың алдын алу мен ерте анықтау мәселесі бойынша жан-жақты консультативтік-профилактикалық көмек көрсету, «Денсаулық жолы» науқанымен халықты кеңінен қамтуды қамтамасыз ету. Ауыл тұрғындарының өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі көмектесу дағдыларын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға, медицина қызметкерлерінің барлық ұсынысын сақтау және орындау мен өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыруды ұстануға төселдіруді қамтамасыз ету.

 

Көбіне дәрігерлік тексеруден өтуге қан қысымы жоғары адамдар келеді, офталмологтың тексеруімен-жиі кездесетін глаукома аталатын көз ауруын, жүректің ишемиялық сырқатын кардиолог-маманның тексеруі арқылы, өт жолдары, бүйректегі тастарды УДЗ аппараты арқылы анықтап, оларды дер кезінде асқындырмай емдеуді қолға алуды көздейміз.

 

 

 

Біз сырқаттарды анықтаған соң жергілікті дәрігерлерге ол мәліметтерді береміз. Олар өз кезегінде диагнозы анықталған ауыл тұрғындарын өздері диспансерлік есепке алады, порталға қояды, емдейді.

 

Жиі кездесетін сырқат түрлеріне тоқталсақ, олар-бауыр, бүйректегі киста («жылауық»), әйелдердегі сүт бездерінің, жатыр мойнының обыры, дұрыс тамақтанбаудан болған ұйқы безінің қабынуы (панкреатит), суымыздың сапасына қарай шығар, екінің бірінде өт пен бүйректе тас және құм, тұз жиналған»,-деді.

 

«Денсаулық жолы – 2014» медициналық бригадасы қозғалмалы оңтайлы кешендер (тонометрлер, қозғалмалы флюорографиялық құрылғы, көзішілік қысымды өлшеу үшін байланыссыз тонометрлер, қан құрамындағы қант, холестерин деңгейін өлшеуге арналған жедел-диагностикалық аппараттар, ЭКГ – аппаратурасы, УДЗ және басқа қажетті диагностикалық құралдарымен жабдықталған.

 

Ауыл тұрғындары дәрігерлерге кезекке тұрып, тегін тексерілу мүмкіндігін пайдалануға асыққанысезілді. Оларды әңгімеге тартқан кезде Баянды ауылының тұрғыны Нұрбаулиева Ұлболсын: «Бізге мынадай тегін дәрігерлік тексерілуден өту мүмкіндігі берілгеніне ризамыз. Қалаға қатынап, барлық кабинеттердің алдын тосу үшін бір күніміз кетер еді. Ал мынау өз ауылымыздан ұзамай барлық мамандарға қаралып, өз денсаулығымызды тексерту біз үшін өте тиімді. Сондықтан дәрігерлерге алғысымыз зор», - деп ризашылығын білдірсе, Орынбекова Алтын: «Халықтың жағдайын жасап, бізге ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп жатқаны үшін облыстық денсаулықсақтау басқармасына ризамыз. Уақытымызды үнемдеу мүмкіндігі туғызылып отыр бізге. Сол үшін де мын да бір рахмет»,-деді.

 

 

Ауыл тұрғыны, 70 жастағы зейнеткер Төлегенова Рабиға апай: «Ауыл адамдарының тіршілігін біліп, бізге қолжетімді дәрігерлік көмекті ұйымдастырып жатқан дәрігерлер қауымына алғысымыз шексіз. Түрлі маманның алдынан өтіп, дәрігерлік кеңестерін алып жатырмыз. Біздің денсаулығымыздың қалыпты болуына дәрігерлердің алаңдағандары көңілімізді өсірді»,-деді алғысын жаудыра.

 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары дәрігерге тексерілуге келген тұрғындарға ақпараттық-білім беру материалдарын үлестірді.

Түске дейін 30-дан аса ауыл тұрғыны тегін дәрігерлік тексеруден өтіп үлгерді.

«Денсаулық жолы – 2014» акциясының өту мерзімі: 2014 жылдың 9 шілдесінен 31 тамызына дейін.

 

 

Мұнайлы ауданы елді мекендерінің тұрғындарына тегін медициналық тексеру жасау мынадай арнайы кесте бойынша жүргізіледі:

1. Баянды ауылы 09.07.2014 ж

2. Даулет ауылы 10.07.2014 ж

3. Қызыл - төбе ауылы 16-17.07.2014 ж

4. Қызыл - төбе - 1 ауылы 23-24.07.2014 ж

5. Қызыл - төбе - 2 ауылы 30-31.07.2014 ж

6. Атамекен ауылы 07-08.08.2014 ж

7. Атамекен - 2 ауылы 14-15.08.2014 ж

8. Басқұдық ауылы 19.08.2014 ж

9. Маңғыстау - 5 ауылы 22.08.2014 ж

10. Батыр ауылы 26.08.2014 ж

11. Рауан ауылы 28.08.2014 ж

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему