Ақтауда облыстық аурухананың жаңа «Г» блогының ашылу салтанаты өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда облыстық аурухананың жаңа «Г» блогының ашылу салтанаты өтті

6 Июля 2014 (03:27) | 5118 | Автор: Редакция

 

Астана күнін мерекелеу қарсаңында 5 шілде күні Маңғыстау облыстық ауруханасының жаңадан салынған «Г» блогының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуіне орай, Ақтауда жаңа нысанның таныстырылымы мен салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және «Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының» «Денсаулық сақтау» тармағында айшықталған міндеттерді орындау мақсатында 2012 жылдың 11 желтоқсанынан бастап облыстық аурухананың «Г» блогының құрылыс жұмыстары басталған болатын.

 

 

Сметалық құны 4 703 877 090 теңгені құраған нысанның Бас мердігері-«КАЕСК-строй» ЖШС болса, Жобалаушысы және техникалық қадағалаушысы «ПУРО-КЛИМО» кәсіпорны. Қаржы Республикалық бюджет есебінен бөлінген.

 

Құрылысы толық аяқталған жаңа нысан 2014 жылдың 28 сәуірінде пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда ондағы жұмыс жасайтын қызметкерлер саны 869 адам болса, оның ішінде:138 дәрігер, 370 медбике, 238 өзге қызметкер және 123 басқа персонал еңбек етуде.

 

 

Аймақ үшін үлкен жетістік болған жаңа нысанның ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, «А.Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия Орталығы» АҚ Бас директоры м.ғ.д., профессор Жеткерген Арзыкулов, «Кардиология және ішкі сырқаттар ғылыми-зерттеу институты» РМК директоры м.ғ.д., профессор Сәлім Беркінбаев және «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми Орталығы» директорының орынбасары м.ғ.д., профессор Лаура Каюпова, аймақ басшысының орынбасарлары Бану Нұрғазиева, Сүйіндік Алдашев, облыстық және қалалық маслихаттардың депутаттары, облыстық басқарма басшылары, БАҚ, жеке және ведомстволық денсаулықсақтау ұйымдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің басшылары және т.б. қатысты.

 

Өңір басшысы Алик Айдарбаев жаңа нысанның ашылуына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде: «Облыстық аурухананың ота жасайтын блогының Астана күні мерекесі қарсаңында ашылуы біздің аймақ үшін тарихи оқиға.

 

 

2012 жылдан бері біздің облысымызда балаларға кардиохирургиялық оталар жасалып келеді. Осы уақытқа дейін 18 жасқа дейінгі балаларға 87 ота, оның ішінде 17 ота 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасалды. Ең кішкентай емделуші дүниеге келгеніне 3 күн болған нәресте болды.

 

Операциялық блоктың ашылуының арқасында тек қана біздің облысымыздың ғана емес, сондай-ақ бүкіл Батыс өңірінің балаларына кардиохирургиялық ота жасау мүмкін болып отыр. Осы нысанның базасында тек қана еліміздің жетекші клиникаларымен ғана емес, сондай-ақ алыс және жақын шет елдермен де ынтымақтастық дами беретін болады»,-деп атап өтті.

 

 

Маңғыстау облыстық ауруханасының басшысы Нұрлан Тілепов облыс басшылығына және салтанатқа жиылған меймандарға жаңа ғимаратты аралатып көрсетіп, таныстырды және ондағы әрбір бөлімшеге жеке тоқталды. Заманауи үлгідегі жаңа кардиохирургиялық ота жасау жабдықтарының және реанимациялық құрылғылардың мүмкіндіктері жайлы әңгімеледі.

 

Хирургиялық кешен орналасқан бірінші қабатта екі ота залы, асхана және қабылдау бөлімі болса, екінші қабатта еуропалық стандарттарға сай келетін озық үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған 8 ота залы орналасқан.

 

Үшінші қабатта әрқайсысы 9 кереуетті жансақтау бөлімі, жалпы және кардиохирургиялық бөлімшелері орналасыпты. Қажет болған жағдайда бұл бөлімшелердегі орын санын көбейту мүмкіндігі де қарастырылған.

 

 

Ота жасау және жансақтау бөлімшелерінде энергияны үнемдеу технологиялары қолданылған. Олар жарықты шоғырландыру және оны тең дәрежеде бөліп тарату мүмкіндігіне ие құрылғылармен жарақталған.

 

«А.Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия Орталығы» АҚ Бас директоры м.ғ.д., профессор Жеткерген Әнесұлы Арзыкулов:

 

-Әр өңірдің өзінің мықты мамандары бар. Маңғыстау өлкесінде де мықты хирург мамандар бар. Тек қана мұнда инновация қажет. Сол инновацияны енгізу үшін бір Орталық керек. Біздің «А.Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия Орталығы» сіздерге көмек беруге дайын.

 

 

 

Кешеден бері бір топ маман хирург-дәрігерлерді жинап осы жерде дәріс ұйымдастырдық. Осы өлкенің халқына, медицинасына қажетті инновацияларды енгізу туралы дәрістер оқылып жатыр. Бүгін жаңадан ашылып жатқан «Г» блогында шеберлік сыныбын ұйымдастырып, операция жасауды жүзеге асырып жатырмыз.

 

Осы жаңалықтардың, жаңа мүмкіндіктердің арқасында халықтың денсаулығы жақсарады, өмір сүру ұзақтығы өседі деп мен үміттенемін»,-деді салтанатты жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде.

 

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Фаризунұлы Бектубаев: «Аурухананың «Г»блогын ашу-ота жасау тәжірибесіне және сырқаттары күрделі науқастарды күту ісіне жаңа жоғары технологияларды енгізіп, дәрігерлер мен мейірбикелердің әлеуетін арттыра түсуіне игі әсерін тигізері сөзсіз»,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему