Ақтаулық кішкентай тұрғын Әліпбай Тимурдың денсаулығына қатысты дәрігерлер түсініктеме жасады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 22:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық кішкентай тұрғын Әліпбай Тимурдың денсаулығына қатысты дәрігерлер түсініктеме жасады

4 Июля 2014 (04:16) | 4251 | Автор: Редакция

 

Соңғы күндері қалалық кейбір басылымдарда Ақтау қаласының кішкентай тұрғыны 1 жас 3 айлық Әліпбай Тимурдың денсаулығына қатысты сәбидің анасы құзырлы органдар мен қала тұрғындарынан материалдық көмек сұрағаны туралы пайда болған хабарламаға сай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары түсініктеме жасады.

 

Сәбидің анасы баласының денсаулығының нашарлауын нәрестеге 5 айлық кезінде қалалық емханада жасалған профилактикалық екпемен байланыстыратыны хабарланған.

 

Алайда, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бұл мәселеге қатысты мынадай ақпаратты ұсынды.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маман-педиатры Мұхамбетиярова Нұрсұлу Аманбекқызы: «Бұл бала 2013 жылдың қыркүйек айында 5 айлық жасында нейроинфекциялық сырқатына байланысты облыстық инфекциялық ауруханаға ауыр жағдайда түскен болатын. Бұл жерде түсініксіздеу болған жағдай- БАҚ-да хабарланғанда баланың ата-анасымен сәбидің сырқаты тікелей профилактикалық екпемен қатысты делінген.

 

Алайда бала ауруының екпемен қатысты еместігі медициналық дәлелденді. Себебі облыстық инфекциялық ауруханада жатқан кездің өзінде тек қана облыстың емес, сонымен қатар республикалық деңгейдегі мамандар шақыртылып, баланың денсаулығына қатысты олардың кеңесі алынды.

 

Бұл баланың негізгі диагнозы-вирустық инфекция. Инфекциямен миы зақымданған. Соның әсерінен бүгінгі күні балада соңғы асқыну жағдайлары әлі де бар. Бала 1 жас 3 айлық жасында әлі дұрыс отыра алмайды, дұрыс жүре алмайды.

 

Республикалық мамандардың соңғы қорытындысы бойынша бұл бала алдағы уақытта да оңалту емін қажет етеді. Сондықтан бүгінгі таңда ата-анасымен біздің облыстық денсаулық сақтау басқармасының тарапынан Астана қаласындағы Республикалық балаларды оңалту Орталығына, неврология бөліміне жолданып отыр. Сонда барып жылына екі кезек оңалту емін алып, жергілікті жерде де облыстық оңалту орталығында ем алса, бұл бала өз жасындағы балалармен бірге өсіп-дамып кетеді деген үміттеміз.

 

Бала сырқатының екпеге қатысты еместігінің тағы бір дәлелі-егер екпемен байланысты сырқат пайда болса, ол балада екпе жасалынғаннан кейінгі бірінші 3 тәулік аралығында білінер еді. Ал бұл баланың ауыру жағдайы екпеден кейін 9 тәулік өткен соң басталған. Сол себептен және сол күні бұл баладан өзге 100 бала екпе алды, бірде-бір балада мұндай асқыну анықталған жоқ. Ешбір басқа баланың ата-анасы екпеден соң шағымданған жоқ. Сондықтан баланың сырқаты екпемен байланысты емес деп бірауыздан шешім қабылдаймыз»,-мәлімдеді.

 

Нұрсұлу Аманбекқызының айтуынша, «Астанадағы Республикалық балаларды оңалту Орталығы заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. Ол жерде АҚШ-тың мамандары келіп аккредитация өткізеді. Оған тек санаулы адамдар ғана бара алады, себебі ондай Орталық бізде Қазақстанда біреу ғана. Әрбір барған бала 24 күн сол жерде ем алады. Бүкіл Республикадан бар болғаны 300 бала ғана орналастырылады сол мерзімге. Әрбір облысқа санаулы 13-15 орын ғана беріледі. Бүгінгі таңда сол Орталыққа барам деп үміт білдіріп отырған 1 жастан-18 жасқа дейін 482 бала кезекте тұр облыс бойынша.

 

Жалпы аймақ бойынша неврологиялық сырқатпен 2500 бала дәрігерлік есепте тіркеуде тұр, өкінішке орай, мұндай аурулардың саны жыл санап өсе түсуде». 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему