Маңғыстаулық фармацевттер біліктілігін арттырды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 14:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық фармацевттер біліктілігін арттырды

2 Июля 2014 (10:27) | 4221 | Автор: Редакция

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және өңірлік фармацептикалық қауымдастықтыңұйымдастыруыменаймақтың фармацептика саласында қызмет ететін мамандары үшін 1 аптаға созылатын біліктілікті арттыру курстарының жылжымалы циклі өз жұмысын бастады.

 

Алматыдан арнайы шақыртумен келген аталмыш саланың білікті сарапшы маманы Елена Степкина сейсенбіден бастап №1 Ақтау қалалық емханасында маңғыстаулық фармацевттерге арналған шеберлік сыныбын жүргізуде.

 

Елена Леонидқызының мәлімдеуінше, «Біліктілігін арттыру курстарының дәрістеріне өңірдің 30-ға жуық фармацепт мамандары тартылған.

 

Жалпы дәріханашыларға арналған мұндай білімдерін толықтыру курстарынан әр маман 5 жыл сайын өтіп тұруы тиіс. Алайда сол аталған мерзім ішінде дәріханашы өз бетінше тағы да курсқа қатысуға ниет танытса, оған ешкім де шек қоймайтыны аян.

 

Бұл жылжымалы циклді ұйымдастырудағы басты мақсат-дәріханалар жұмысының сапасын арттыру, халыққа көрсетілетін фармацептикалық қызметтің деңгейін көтере отырып, кемшілігі мен артықшылықтары туралы толыққанды ақпарат беру және фармацевтика саласындағы жаңалықтарды енгізу, осы салада жұмыс істейтін мамандардың жұмысының ұлттық және халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету. Дәріхана қызметіне қатысты енгізілген жаңа нормативтік-құқықтық актілерді, стандарттар технологияларын зерделеу».

 

 

Демек, семинар аясында дәріхана қызметіне қатысты тың жаңалықтарды енгізіп, өндірістік тәжірбие ісін дамыту мақсаты тұр. Бұл отандық дәрі-дәрмек өндірісінің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етпек.

 

«Дәріхана қызметімен айналысатын біздей мамандарға арналған мұндай біліктілікті арттыру курстары бес жылда бір рет өткізіліп тұрады. Дәрістер барысында фармация саласына қатысты жаңа бұйрықтар, қаулылармен таныстырады. Өз қызметімізге байланысты көп жаңалықтармен танысу мүмкіндігін беретін осындай курстардың біз үшін пайдасы өте зор»,-дейді курсқа қатысушы «Интерфарм» кәсіпорнының қойма меңгерушісі Әбдіғалиева Сәрсенкүл.

 

Дәріс оқушы маманның айтуынша, бір апталық оқытудан өткен аймақтың дәріхана мамандары тиісті сынақ тапсырудан соң біліктілігін жоғарылату курсынан өткенін дәлелдейтін мемлекеттік үлгідегі сертификатты иеленеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему