«Мейірбике» медициналық колледжінде «Қан тапсыр да жан сақта!» шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 10:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Мейірбике» медициналық колледжінде «Қан тапсыр да жан сақта!» шарасы өтті

5 Апреля 2014 (04:24) | 6848 | Автор: Редакция

 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы, «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігі және облыстық қан орталығы бірлесіп, 26 шағынауданда орналасқан «Мейірбике» медициналық колледжінде «Қан тапсыр да, жан сақта!» деп аталатын шараны ұйымдастырды.

 

Келешекте адам жанына араша болуды мақсат тұтқан болашақ орта буын медицина қызметкерлері қан тапсыру ісінде белсенділік танытты. Колледждің қызметкерлері мен студенттерін қоса алғанда жалпы саны 34 адам өз қанын тапсырып, өзгенің өміріне араша тұруға бел байлапты.

 

«Осындай көп адамның біздің шараға атсалысуы қуантарлық жайт. Бұрынғы акция кездерінде мұндай санға қол жеткізу болған жоқ еді»,-деген облыстық қан орталығының мамандары өз қуаныштарын жасырмады.

 

ҚР донорлар Ассоциациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры, облыстық қан орталығы зертханасының меңгерушісі Арыстанғалиева Гүлшара Масалимқызы: «Осы шараны ұйымдастырудағы біздің көздеген басты мақсатымыз-донорлардың санын көбейту. Біз осы сынды мекеме, кәсіпорындармен келісу арқылы айына 1-2 рет, кейде аптасына 1-2 рет осындай жылжымалы бригадамызбен донорларды белсенділікке тарту мақсатымен шығып тұрамыз. Студенттер және колледж қызметкерлері жоғары ынталылық танытты. Біз бұрын да олармен жұмыс жасағанбыз. Бұрын қан тапсырған адамдардан біз 3-4 ай өткен соң қайтара бақылау анализін аламыз. 4-6 айға дейін тапсырылған қан карантинде тұрады бізде, сосын қайта бақылау талдауынан кейін ғана алынған қан пайдаланылады. Қан тапсырып жатқан жастардың жалпы денсаулықтары жақсы, тек кейбірінің қанының аз болғаны болмаса»,-деген пікірімен бөлісті.

 

Қан-тіршілік нәрі. Қан болмаса, адамның тіршілігі тоқтайды. Кез-келген адам донор болу үшін қандай талаптарға сай болуы тиіс екенін сұрағанымызда облыстық қан орталығының мамандары ол талаптар жайлы мынаны айтты:

 

Донор болу үшін 18 жасқа толған әр адам қан орталығына жеке куәлігімен келуі қажет. Қан орталығында дәрігердің тексеруінен өткеннен кейін әр адамның қан тобы, резус-факторы анықталады (гемоглобин, лейкоциттер, эритроциттер, СОЭ, және АТкВИЧ 1, 2; гепатит В және С).

 

Қан тапсырар алдында донор анкетасын толтырады. Анкета толтыру кезінде донор өзі жайлы мәліметтерді толықтай жазуға тиісті. Донор спиртті ішімдіктер ішпеуі қажет, түнгі кезектегі жұмыстан шыққан адамға қан тапсыруға болмайды. Донордың қан тапсыру-тапсырмауын трансфузиолог дәрігер шешеді.

 

Донор болудың бірнеше түрі бар: Қан доноры және қан компоненттері донорлары бар. Ер азаматтар жылына 5-рет қан тапсыра алады, ал әйелдер 4-рет.

 

Қан тапсырғаннан кейін келесі қан тапсыру үшін 60 күндей уақыт өтуі керек, ал плазма доноры 14 күннен кейін тапсыра алады. Плазма жылына 6-12 рет, қан доноры 3-5 рет тапсыра алады.

 

Плазма тапсыру 40 минуттай, ал қан тапсыру 10-15 минуттай болады. Барлығы қан тапсыру үшін қан орталығында 1,5-2 сағат уақыт қажет. Қан 450 мл алынады (5-10 мин). Плазмоферез және тромбоцитоферез кезінде негізгі керек компоненттер алынады, калғаны адамға кейін құйылады. Ақылы және ақысыз донорлар болады. Адамның салмағы 50 кг-нан кем болмауы керек.

 

Тромбоциттер қанды тоқтату үшін кажет. Қан тапсырғаннан кейін 10-15 мин отыра тұру керек. Спирттік ішімдікті және темекіні колданбай тұра-тұру кажет.

 

Облыстық қан орталығы 2010 жылы ашылған, жаңа 34-ші шағын ауданда орналасқан. Онда 115-қызметкер жұмыс істейді. Биылғы 3-айдың қортындысы бойынша 2271 донор қабылданған, ал оның ішінде қан тапсырғаны 2083 донор.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему