Дәрігерлерге арналған семинар
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 00:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дәрігерлерге арналған семинар

4 Апреля 2014 (04:13) | 6275 | Автор: Редакция

 

31 наурыздан бастап Маңғыстау облыстық ауруханасында салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық орталығы (СӨСҚҰО) мамандарының қатысуымен жылжымалы оқыту циклы өз жұмысын бастады. Дәрігерлердің біліктіліктілігін арттыру мақсатында бес күн аралығында «Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша скринигтік тексерулердің тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар өтуде.

 

Аталмыщ оқыту циклын ұйымдастыруға Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы мұрындық болып отыр. Мұндағы басты мақсат-Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша скринигтік тексерулер жүргізуге қатысатын медицина қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату, дәрігерлердің осы жүйе бойынша медицина саласында қолданысқа енгізіліп жатқан жаңаша үлгідегі озық технологияларды игеруіне ықпал ету.

 

Әлеуметтік сырқаттардың ерте анықталуы жөнінен скринингтік тексерулердің алатын маңызы зор. Елімізде халық денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салты мен қазақстандықтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін насихаттауға бағытталған скринигтік тексерулер жүйелі түрде жүргізілуде. Бір аптаға созылатын жылжымалы цикл кезінде облыстың қала, аудандарындағы емдеу-сауықтыру мекемелерінің 70-ке жуық медицина қызметкерлері оқытумен қамтылады. Оқытудан өтетіндер қатарында скринингке қатысы бар емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері, бас дәрігерлердің орынбасарлары, штаттан тыс бас мамандар, алдын-алу бөлімінің меңгерушілері, терапевт, онколог, педиатр дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері және т.б. мамандар бар.

 

Маңғыстаулық дәрігерлерді оқытуға Ұлттық орталықтың “Дені сау жанұя және репродуктивті денсаулықты қорғау” бөлімінің жетекшісі Клара Медеубаева, СӨСҚҰО директорының орынбасары Салтанат Мукашева өңірге арнайы келді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Есенғалиева семинарға қатысушы дәрігерлерге меймандарды таныстыра отырып, облыстағы әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша скринингтік тексерулердің жүргізілуіне тоқталып, олардың тиімділігін арттыру мәселесін, 2015 жылы жаңа скринигтік тексерулер енгізілетінін, сондықтан жаңаша үлгідегі озық технологияларды меңгерудің маңызы зор екенін сөз етті.

 

 

Ләззат Қайырбайқызы Ұлттық орталық пен Маңғыстау облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының тиімді әріптестік қарым-қатынастарының нәтижесінде халық арасында скринингтік тексерулердің маңыздылығын түсіндіру, тұрғындардың бұған деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру ісінде оң өзгерістерге қол жеткізілгенін, 2013 жылы тұрғындардың скринигтік текерулермен қамтылуы жөнінен Маңғыстау облысы жақсы нәтижелерге ие болғанын атап өтіп, аймаққа ат басын тіреген Ұлттық орталық мамандары мен облыстық СӨСҚПО директоры Амангүл Джайлхановаға алғысын білдірді.

 

СӨСҚҰО директорының орынбасары Салтанат Мукашева: «Осы 5 күндік семинарды ұйымдастыруға ықпал еткен Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына зор алғысымызды айтқымыз келеді. Көптеген өңірлер сіздің аймақтың скринигтік тексеруді ұйымдастырудағы жеткен жетістіктеріне қызығуда. Мұның бәрі сіздердің ортақ іс-әрекеттеріңіздің жемісі екені сөзсіз. Әрқайсыңыз өз орныңызда үлес қосу арқылы осындай іргелі істің нәтижесіне жеткізіп отырсыздар. Бес күндік семинар кезінде сіздердің тарапыңыздан белсенділік танытылып, біз бәріміз бірігіп, нәтижелі жұмыс жасаймыз деп сенемін»,-деген ойымен бөлісті.

 

Ұлттық орталықтың “Дені сау жанұя және репродуктивті денсаулықты қорғау” бөлімінің жетекшісі Клара Медеубаева: «Біздің мақсатымыз-сіздерді оқыту. Ал сіздердің міндетіңіз-біздің үйреткенімізді өз жұмыстарыңызда қолдана білу. Біз сіздің аймаққа 5-ші рет келуіміз. Мен Атырау, Маңғыстау облыстарына осы мәселелер бойынша жетекшілік етемін. Осы бір апта бойына біз бір-бірімізді жақсы түсініп, ынтымақтастықпен жұмыс жасармыз деген үмітім бар»,- деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему