Ақтауда жылумен қамту жүйесін жаңғырту жобасы жүзеге асырылатын болды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:10
Вход |Регистрация
Главное » Новости культуры

Ақтауда жылумен қамту жүйесін жаңғырту жобасы жүзеге асырылатын болды

4 Июня 2014 (04:15) | 4208 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» МКК 2010 жылдан бастап Европа даму және қайта құру банкімен (ЕҚДБ) несие шартын жасақтап, облыс орталығының инженерлік жүйелерін ауыстыру, сумен қамту жүйесінің ескіріп тозған жабдықтары мен техникасын жаңарту ісін қолға алғаны белгілі. Қазіргі таңда сол инвестициялық бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұдан өзге қаладағы жылу жүйесін де жөндеп, қалпына келтіру жобасы да қолға алынбақшы.

 

Кәсіпорынның балансында бүгінгі таңда 1157,05 км инженерлік жүйе, оның ішінде -464,0 км жылу жүйесі, 400,07 км суқұбырлары жүйесі және 293,0 км су бөлу жүйесі, 13 кәріз сорғы станциясы, суқұю пункті, жылу жүйелерін үстемелеу станциясы мен ағын суларды биологиялық тазартудың тазартқыш құрылғылары бар.

 

Аталған жүйелердің тозуы 80-90 %-ды құраса, кәсіпорын балансындағы 128 техника мен механизмдердің 67 бірлігі 100%-ға тозып, 27 бірілігінің тозуы-66% құраса, 34 бірлік техника 20%-ға тозған.

 

Кәсіпорын директоры Серік Ғұсманның мәлімдеуінше, «2010 жылы тозығы жеткен инженерлік жүйелерді ауыстыру және сумен қамту жүйесінің ескірген жабдықтары мен техникасын жаңғырту мақсатында «КЖСА» МКК, Маңғыстау облыстық әкімшілігі және Европа даму және қайта құру банкімен (ЕҚДБ) 1 238 000 000,0 теңге көлемінде несие шарты жасақталып, «Ақтау қаласының сумен қамту және су бөлу жүйесін жаңғырту» жобасы қолға алынған болатын. Қазір сол қаржы 100 пайыз бөлінді және соның нәтижесінде жоспарланған жұмыстардың біразы жасалынды.

 

 

Аталған жоба аясында Маңғыстау облыстық әкімшілігі де өзінің қаржылық үлесін қосып, жергілікті бюджеттен 1 968 000 000 теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл жобаның басты мақсаты-қаладағы ауыз су және техникалық сумен қамтудың орталық жүйесінің, кәріз жүйесінің, сонымен қатар кәріздік-сораптық станциялардың жұмысын жаңғырту.

 

Бүгінгі таңда атап айтар болсақ, КНС-1А,2,5,10 (9,435 км) коллекторлы-сораптық станциясының ағынды коллекторлары орнатылуда. Бұл жұмыс биылғы жылдың қараша айында аяқталуы тиіс. №3,3А,3Б,4,5,7,8,9,11,12 шағынаудандардағы өздігінен ағатын кәріз жүйелерінің ауыстырылуы қарастырылған. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 47,7 км құрайтын №1,3А,4,5,6,7,8,14,15,22,23 шағынаудандардағы су жүйелері ауыстырылуда. Бұл жұмыстың құны жобалық-сметалық құжаттама бойынша 1.215.314.000,0 теңге. 2013 жылы 500,0 млн. теңге бөлінсе, қалған 715,3 млн. теңге қаржы республикалық бюджет пен жергілікті бюджет есебінен бөлінуі жоспарлануда. Бұл жұмыстарды да жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

 

Маңғыстау облыстық әкімшілігі тарапынан бөлінген қаржыға 8,7 км №2 және №3 шағынаудандардағы су құбыры жүйелері жаңғыртылды. Бұл жұмыстарға 287.946.247,27,0 теңге қаржы жұмсалды.

 

Сонымен бірге құны 869.428.396,12 теңгені құраған №1А,2,5,10 коллекторлы-насостық станциясы жаңғыртылды. Бұл жұмыстар 2013 жылдың мамырында аяқталды».

 

 

«Ұзақ жылдар бойына тозығы жеткен жабдықтар мен техниканы да жаңарту кәсіпорында бүгінгі таңда облыстық әкімшілік тарапынан бөлінген қаржы есебінен жүзеге асырылуда. Ағын суларды тазарту зертханасына арналған жабдықтарды сатып алуға 17.691.032,0 теңге жұмсалса, 25.678.000,0 теңге қаржыға су жаңа «Хюндай» экскаваторы сатып алынды.

Сонымен қатар 661 дана су көлемін өлшегіш құралдар да сатып алынды. Бұл мақсатқа 37.327.243,0 теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

Сөйтіп, осындай жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде Европа даму және қайта құру банкімен несиеге берілген 1.238.000.000,0 теңге қаржы толығымен игерілді деуге болады. Тағы бір айта кететіні, 2012 жылдың 23 мамырында «КЖСА» МКК, Маңғыстау облыстық әкімшілігі және Европа даму және қайта құру банкі (ЕҚДБ) арасында үш жақты келісімге қол қойылып, Ақтау қаласының жылумен қамту жүйесін жаңғырту жобасына инвестиция бөлу мәселесі қаралды. Инвестициялық қаржыландырудың жоспарына сәйкес ЕҚДБ 1.200.000.000 теңге көлемінде несие беруге келісім берді, алайда Банктың шарты бойынша, олар алдымен Кәсіпорынның бар жай-күйін аудит жүргізу арқылы зерттеп алған соң ғана несиені беру мәселесін шешеді. Сондықтан несие туралы 2012 жылы келісім жасалғанмен арада өткен осы уақыт аралығында біздің кәсіпорынды зерттеген Европалық қайта құру және даму Банкі, Кәсіпорын жылу тарифін 25%-ға көтермесе, несие беру мүмкін еместігін дәлелдеді.

 

Сондықтан 2015 жылдың басында жылу тарифін 25%-ға көтеру арқылы ғана Европалық Банктің несиесіне қол жеткізе аламыз,-деді кәсіпорын директоры.

 

 

Серік Ғимранұлының айтуынша, «Бұл екінші жобаны іске асыру бүгінгі таңда басталып кетті. Мысалы Маңғыстау облыстық әкімшілігі қазірдің өзінде 132 000 000 теңге қаржы бөлді бізге. Сол қаржының 22 000 000 теңгесіне Гидравликалық модельдеу Бағдарламасын (НСРІ) орнатып жатырмыз, бұл бағдарламаның арқасында қай жерде жылу жүйесінде бұзылулардың болғанын дәл анықтау мүмкіндігі туады. Сосын 110 000 000 теңге қаржыға авариялық қызмет автокөліктерін сатып алуды жоспарлап отырмыз.

 

Алда осы екінші жоба бойынша қаладағы жылу жүйесін толықтай жаңғыртып, қашықтықтан басқарылатын запорлық вентильдер, термометрлер және манометрлерді сатып алу, жеке жылу пункттері мен жылуөлшегіш құралдарды орнату сияқты көптеген жұмыстарды атқаруды жоспарлап отырмыз».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему