Т.Шевченко атындағы аллея жаңартылып жатыр
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 11:11
Вход |Регистрация
Главное » Новости культуры

Т.Шевченко атындағы аллея жаңартылып жатыр

4 Мая 2014 (08:40) | 6356 | Автор: Редакция

 

 

Қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне, қылқалам өнеріне өшпес із қалдырған украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченко небәрі 47 жыл ғана өмір сүрсе, соның 7 жылын Маңғыстауда өткізген. Биыл ұлы суретшінің 200 жылдығына байланысты Форт-Шевченко қаласында халықаралық дәрежедегі түрлі шаралар өтеді. Осыған орай, ақын есімін иеленген аллея абаттандырылып, мұражай қызметкерлері қызу дайындыққа кіріскен.

 

Тарас Шевченконың шығармашылығы мен өміріне арналатын халықаралық ғылыми конференция осы мамыр айында өтеді, деп жоспарланып отыр. Ауқымды шараға жер-жерден қоғам қайраткерлері, ғалымдар, өнер адамдары мен әдебиетшілер келеді. Осыған орай, Форт-Шевченко қаласындағы ұлы кобзарьдың есімін иеленген мұражай қызметкерлері жүздеген қонаққа қызмет жасауға әзірлік жүргізіп жатыр. Білікті маман, экскурсия жетекшісі Айгүл Балабаева ақынның өміріне қатысты тың деректерді жинақтап, білімін тереңдетуде. Ол мұражайға келген қонақтарға қазақ және орыс тілінде толық ақпарат бере алады. А.Балабаеваның айтуынша, мұражайға келушілердің көпшілігі «Қазақ халқы неге Тарас Шевченконы бағалап, төрінен мұражай ашты?», деген сұрақты қояды екен. «Біз бұл сұраққа Тарас Шевченконың шығармашылығына үлкен баға берген Мұхтар Әуезовтың мына сөздерімен жауап береміз. «Т.Шевченко – суретші реалист ретінде қазақ даласын, қазақтың тұрмыс-тіршілігін әлемге бірінші болып шынайы танытқан тұлға...»,-дейді Т.Шевченко атындағы мұражай қызметкері Айгүл Балабаева.

 

 

Украинның ұлы перзенті Т.Шевченко Маңғыстау өңірінде 1850-1857 жылдары өмір сүрген. Яғни 47 жыл ғана ғұмыр кешсе, соның 7 жылын осында өткізген. «Шығармашылықтан қол үзіп, азап шексін», деген мақсатпен Маңғыстауға айдалғанымен, киелі өңірдегі 7 жыл украин жігіті үшін шығармашылықпен айналысуға нағыз сәтті кезең болды. Оның сүйікті ісімен шұғылдануына сол кездегі комендант Усковтың көмегі көп тиді. Ол өзінің жазғы резиденциясының жертөлесін Тарасқа береді. Ақын сол тап-тар жертөледе күні-түні тың туындыларды дүниеге әкеледі. Білте шамның жарығымен 356 сурет, жүзден астам өлеңмен 20 повесть жазыпты.

 

Тарас Шевченко өмір сүрген ғимарат кейіннен, 1932-ші жылы ақын атындағы мұражайға айналады. Мұнда ұлы суретшінің қазақ даласында жасаған еңбектері мен сол кездегі өмірін айшықтайтын құнды жәдігерлер қойылған. Ол жер аударылып, Маңғыстауға келе жатқанында, Орал жақтан ағаш алып, оны жертөле маңына отырғызған екен. Жас шыбық бірер жылда алып ағашқа айналған. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, Тарас Шевченко жергілікті халықпен етене жақын араласқан. Тіпті, олармен қазақша тілдескен көрінеді.

 

 

Қылқалам шеберінің есімін иеленген шаһар мерейтойға қызу дайындалып жатыр. Тарас Шевченко атындағы аллея абаттандырылып, қайта жаңартылуда. Жас ағаштар отырғызылып, тазартылып жатыр. Аллеяда серуендеуші қонақтар үшін арнайы орындықтар қойылған. Саябаққа кірберіс қақпа да жаңартылып, ерекше үлгімен жасалып жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему