|
Көптеген жылдар бойы күрмеулі мәселелері қордаланып қалған мұнайшылар қаласының тынысы соңғы уақытта біртіндеп кеңейе түскені аян. Өткен жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында үкіметтік деңгейде қабылданған кешенді жоспар жүзеге асырыла бастады. Аталған жоспар 2012 жылға дейін іске асырылуы тиіс. Оның тиімділігі жаңаөзендіктерге жаңа-жаңа білініп келеді. Соңғы жаңалықтың бірі - бірнеше мемлекеттік мекеме шоғырланған сәулетті ғимарат қолданысқа берілді. Оның төртінші қабатында «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының қалалық бөлімшесі орналасқан.
Партия филиалының жаңа кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Ашыла салысымен су жаңа кеңседе партия активінің мәжілісі өткізілді. - Халықта «жаңа қоныс - жақсылықтың басы» деген әсем өрім, әдемі үрдіс бар. Мен де бүгін осыны еске түсіріп, партия алдында тұрған жаңа міндеттерді саралап, ортақ мақсаттарды айқындағым келеді, - деді «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жауымбай Қараев. Төраға орынбасары партия филиалының жұртшылық арасындағы қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қалыптастыру жолындағы басты күш және бағыттаушы буын болуы тиістігін алға тартты. Елдегі қатары қалың әрі ықпалды саяси күштің халық пен билік арасын байланыстырушы буын ретіндегі рөлінен өзге міндеттерін сөз етті. Соның бірі - негізгі шарты индустрияландыруды үдету болып табылатын 2020 жылға дейінгі жаңа стратегияның жүзеге асуын бақылау. - Біз нұротандықтардың мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер мен жер телімін алу кезегіндегі тәртіпті реттеу, өңірдегі бизнес қауымда-стығымен үйлесімді келісімді негіздеу, басқа партиялармен, қоғамдық ұйымдармен ымыра-ынтымаққа келу, кәсіподақ жұмысын дамыту - қысқа қайырғанда барлық бастамаларын қолдауға әзірміз.
«Нұр Отан» Халықтық-Демокра-тиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы тұрғындар алдында әділеттіліктің, белсенділік, қоғамшылдық, қарапайым адамдар мүддесіне түсіні-стікпен қараудың тірек тұғыры ретінде танылуы тиіс, - деді Жауымбай Амантұрлыұлы. Баяндамашы партия ұйымын, ең бастысы, нақты шешім мен белсенді іс-қимылдың шынайы халықтық-партиялық органына айналдыруға жұмыстану ке-ректігіне назар ауарды. - Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды да. «Нұр Отанның» облыстық филиалы қоғамдағы толеранттылық, патриоттық пен өзара сыйластықты, яғни Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының негізін және басқа да құндылықтарды қолдауға бағытталған кең көлемді жұмысын сәтті бастап, жүргізіп келеді. Мысалы, «Хабар» Агенттігі, «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамдарымен бірлесіп, Астана күнін атап өту аясында еліміздің тарихи тәжірибесі, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Қазақстан халқының мәдени бай мұрасы туралы өте жақсы арнаулы телевизиялық жоба топтамасы өндіріске берілді. Ағымдағы жылдың сәуірінде қол қойылған өзара әріптестік туралы меморандум ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл үш жақты ұжымдық одақ еліміздің негізгі ұлттық телеарнасына көрермен қауымның әрқилы талғамға ие топтары күтіп отырған көркем, деректі, музыкалық фильмдер шығаруға қажетті көмектерін көрсетуде. Бұл жерде әңгіме осы бірліктің нәтижесінде жарық көрген «Теміртаудағы көктем» көркем фильмі, «Нұрсұлтан Назарбаев: тарих жалғасады» деректі сериялары (10 серия), «Ақсұңқар» музыкалық фильмі, «Бес өлшем», «Біз бір командамыз», «Бастаулар» деректі фильмдері туралы болып отыр. Бұл туындылардың барлығы да қазір «Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасы арқылы көрсетіліп жатыр. Бұл - әлі бастамасы ғана, - деді Ж.Қараев. Мұнан соң лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы тұруға атсалысу, ел ішіне іріткі салушы шолақ белсенділердің іс-әрекетіне нақты жауаптармен тойтарыс беру қажеттігі айтылды. Нұротандықтардың бұл ретте ұпайы түгелдігі, өйткені өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша көш басындағы облыстар қатарында екендігі атап өтілді. Тек, немқұрайдылық, бейжайлық сияқты жаман қасиеттерден арылып, белсенді іс-қимылдарға көшу керек. Мәжіліс барысында осы сияқты сын-ескертулер көп айтылды. - Сіздер менің бұл айтқандарымды дұрыс түсініп, дұрыс қорытынды шығаратындарыңызға сенемін. Біздің барлығымыздың да мүддеміз бір - туған өңірдің, аймақтың, қаланың, қазіргі жайы, ертеңгі тағдыры. Желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақтың болашағы. Жанымыз жай таппаса, осылар үшін жай таппайды. Жарғақ құлағымыз жастыққа тимесе, алдымен ел мен жердің, ұрпақтың қамын жейміз, - дей келе төраға орынбасары өңірдің ғажап болашағы барлығына тоқталып, оған қол жеткізу ерен еңбек пен зор жауапкершілікті талап ететінін ескерді. Ал, бұл ретте нұротандықтардың өз орны бар. Мәжіліс соңында партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партбилеттер табысталды. |