Ақтауда қауіпті кеселмен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 16:56
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Ақтауда қауіпті кеселмен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру шарасы өтті

29 Июня 2014 (08:03) | 1857 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау Басқармасы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы және аймақтық ішкі істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Басқармасы, «НұрОтан» ХДП бірігіп 26 маусымда Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күніне орай Ақтау қаласының 14 шағынауданындағы теңіз жағалауында «Сенің есірткің САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ болсын!» ұранымен кең көлемді акцияны ұйымдастырды.

     

Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні әлем жұртшылығының назарын жастар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл аудару арқылы халық арасында психологиялық белсенді заттардың таралуына жол бермеуге күшті біріктіруге назар аударуға мүмкіндік береді.

 

 

Теңіз жағалауында серуендеп жүрген қала тұрғындарының назарын аударған акцияда облыстық ІІ Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Басқармасының мамандары, полиция қызметкерлері және «Арлан» арнайы бөлімше жасағының сарбаздары қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топ-есірткі сатумен айналысатын тұлғаларды құрықтау сәті сахналанды. Кейін тәркіленген есірткілік заттар қала тұрғындарының көз алдында «отқа оранып», өртелді.

 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары халық арасында есірткінің зияны, денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданудың маңызы туралы ақпараттық-ағартубағытындағы үгіт-насихат құралдарын таратты.

 

 

Жастар саясаты жөніндегі облыстық басқарма қызметкерлері мен еріктілер де осы шараға өз үлестерін қосып, есірткінің, шылым шегудің кез-келген жанның денсаулығын бұзатын кесел екеніне қала тұрғындарының назарын аударуға тырысты.

 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы директорының орынбасары Ұзақбаева Бану Сағындыққызының мәлімдеуінше, «Біз мұндай шараны жыл сайын облыстық ІІД, жастар саясаты жөніндегі Басқарма және «НұрОтан» ХДП бірігіп ұйымдастырамыз.

 

 

 

26 маусым-Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні болып белгенгені баршаға аян.

 

Аталмыш акцияны өткізудегі басты мақсат-бұқара халықтың, әсіресе жастардың есірткінің зиянды екенін ұғынуына ықпал ету, көзін ашу.

 

Жасөсіпірімдер мен жастарды денсаулық сақтауға дағдыландыруға әсер ету, олардың өз денсаулықтары үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;

 

Бүгінгі шара өте жақсы өтті деп ойлаймын. Шараға шамамен 2000-дай адам қатысты. Оған қала тұрғындары, жастар өте белсенді жұмылдырылды. Мұндай бастама алдағы уақытта өз жалғасын табады».

 

Мәліметтер бойынша әлемде есірткі тұтыну 15-49 жас аралығындағы тұлғалардың кеңінен таралған өлім-жітім тізімінде жетінші орынды алуда. Мәліметтерге сәйкес жыл сайын есірткіге байланысты 211 мың өлім-жітім орын алады, сондай-ақ үлкен қауіпті топ жас адамдар болып отыр.

 

«БҰҰ-ның шешімімен 1987 жылдан бері жыл сайын бүкіл дүние жүзі бойынша 26-маусымда Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні аталып өтілуде.

 

 

 

Бүгінгі біздің бірлескен шарамыздың міндеті-жасөспірімдердің, жастардың және барлық қоғамның есірткі мен психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың зияны мен салдары туралы сауаты мен ақпараттылық деңгейін арттыру, себебі баршаға белгілі болғандай есірткі қолданудың нәтижесінде әлемнің кейбір елдерінде тұтастай ұлттың болашағына қауіп төнуде»,-деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық шкі істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Басқармасының бастығы полиция полковнигі Б. Жусупов. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему