Ақтауда қала тұрғындары арасында «Алимент қарыз емес-парыз» атты акция өтті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 10:48
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Ақтауда қала тұрғындары арасында «Алимент қарыз емес-парыз» атты акция өтті

23 Июня 2014 (04:19) | 1532 | Автор: Редакция

 

Облыс орталығының 16 шағынауданындағы «Ақтау» сауда-ойын-сауық орталығы және «Астана» сауда орталығына қарама-қарсы теңіз жағалауында қалалық прокуратураның бастамасымен «Алимент қарыз емес-парыз» тақырыбындағы кең көлемді акция ұйымдастырылды. Шараны өткізуге Ақтау қалалық жастар саясаты орталығы белсене қатысты.

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы құқық қорғау органдарына ана мен баланың құқығын қорғауға бағытталған шараларды пәрменді түрде жүргізу міндетін жүктегені белгілі. 

                 

Елбасының тапсырмасын орындау жолында құқыққорғау органдары алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің жауаптылығын арттырып, оларды анықтау жолында қанша жұмыстанып жүрсе де, бұл мәселе қазіргі кезде қоғамымыздың «дертіне» айналып отыр. Яғни, бұл бағыттағы атқарылған қыруар жұмыстарға қарамастан, бауыры еті-балаларына жаны ашымайтын безбүйрек әкелердің жауапкерсіз әрекеті салдарынан қаншама баланың құқығы қорғалмай, борышкерлер сот актілерін қасақана орындамай отырғандығы анық. Осы күрделі мәселенің күрмеуін шешуді мақсат еткен Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері бұл мәселені күн тәртібінен үнемі түсірмей, құзырлы органдармен бірлескен іс-әрекеттер мен түрлі шаралар атқару арқылы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғауды пәрменді түрде жүргізуде.

 

 

Ұйымдастырылған шараның мақсаты жайлы сауалымызға Ақтау қаласы прокурорының аға көмекшісі Дюсенова Айнұр Мадинарқызы: «Қалалық прокуратураның бастамасымен жастар саясаты орталығымен бірлесіп ұйымдастырылып отырған бұл акцияның негізгі мақсаты-алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкердің өз балалары алдындағы әкелік парызын орындауға деген жауапкершілік сезімдерін, ар-ұятын ояту, алимент бойынша қарыздарды азайтып, алиментке мұқтаж балалардың құқықтарын қорғау.

 

Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша алимент төлеуден жалтарып жүрген 5 000-ға жуық борышкер тіркелген. Борышкер әкелер әртүрлі себептерді желеу етіп, өз балалары алдындағы әкелік парызын ұмытып, жауапкершіліктен жалтаруда. Алайда олар заңның құрығынан құтылып кете алмайтыны анық. Борышкер атанып, алимент төлеуден қашқан азаматтардың көпшілігі «қара тізімге» ілініп те үлгерді. Бүгінде олардың кейбірі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, енді біреулеріне шетелге шығуға тыйым салынып, кейбірінің көліктері тәркіленді.

 

Прокуратура қызметкерлерімен бірге бүгінгі шараға қатысушы жастар қоғамды жайлаған өзекті мәселеге деген өздерінің азаматтық көзқарастарын танытып, қала тұрғындары арасында жауапкершілігі төмен әкелердің әрекетінен зардап шегіп отырған алименттік төлемдерге мұқтаж балалардың құқығын қорғауға өз үлестерін қосуда. Олар халық арасында «АЛИМЕНТТІ ТӨЛЕҢІЗ» деген жазуы бар ақпараттық-насихат парақшаларын тарату арқылы өз балаларын ұмытқан «көкек-әкелердің» ар-намысын оятуды мақсат етуде»,-деп мәлімдеді.

 

 

Акция кезінде қалалық жастар орталығының белсенді мүшесіне айналған шараға қатысушы колледж студенттері белсенділік танытты. Өздерінің батыл қадамдары арқылы белсенді жастар қоғамды жайлап алған өзекті мәселеге бей-жай қарамай, өздерінің азаматтық көзқарастарын батыл таныта отырып, қала тұрғындарын қоғамды жайлаған өзекті мәселені шешуге белсене атсалысуға, борышкер-әкелердің жауапкершіліктерін ояту арқылы, алименттік төлемдердің түсуін күткен қаншама балалардың заңды құқығын қорғауға үлес қосу қажеттігіне көпшіліктің назарын аударуға тырысты.

 

Шара барысында аталмыш мәселенің өзектілігін ұғынатын көптеген қала тұрғындары құзыретті органдар тарапынан осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуын дұрыс деп санайтындарын айтып, өздерінің мұндай қадамды қолдайтындықтарын білдірді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему