Ақтаулық «Суда құтқару қызметі» ескертеді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:55
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Ақтаулық «Суда құтқару қызметі» ескертеді

6 Июня 2014 (16:07) | 2280 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Суда құтқару қызметі» Мемлекеттік мекемесінің «Ақтау қаласы суда құтқару бекетінің» құтқарушы-сүңгуірі Әділ Ботабаев ұсынған облыс тұрғындары үшін суға түсуге қауіпті орындарға назар аудару туралы ескертуді қаперлеріңізге береміз:

 

«Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары!

Суға түсу маусымы ашылуына байланысты суға шомыларда, алдымен айналаны байқап, суға түсетін орынның жарамдылығын қарап, соны анықтап алу қажет, суға түскенде қауіпсіздікті сақтауға ерекше көңіл бөліп, суға жүзе білмейтіндер міндетті түрде құтқару күртешесін киюлері және белден жоғары тереңдіктен әрі бармаулары, ал жалпы арнайы белгілеп қойған белдеулерден өтпеулері тиіс. Судағы орын алатын қайғылы оқиғалар көп жағдайларда қауіпсіздікті сақтамағандықтан және өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалағандықтан болады. «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Шора» су арнасы («Қаракөл» көлі) көпшілікке белгілі ағысты, су иірімі бар тоғанды қауіпті аймақ.

 

Бұның жағасында «Суға түсуге қатаң тиым салынады!» деген ескерту жазуы бар үлкен тақтайша қойылып, су арнасы жағасы екі жағынан қоршалған. Соған қарамастан, көпшілік сонда барып суға түседі, бұл дегеніміз-өз өмірімізге бей-жай қарағандығымыздың айғағы.

 

Осы соңғы жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Шора» су арнасы («Қаракөл» көлі) қауіпті аймағынан 33 адам қайғылы қазаға ұшырап, суға батып кетті..

 

Ағымдағы жылдың басынан бері облысымызда «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Шора» су арнасы («Қаракөл» көлі) қауіпті аймағында – 1 адам, «Кендірлі» демалыс базасында – 1 адам, Тұпқараған ауданындағы теңіз жағалауынан – 2 адам қайғылы қазаға ұшырап, қайықпен ашық теңізге ығып бара жатқан 4 адам құтқарылды.

 

Сонымен қатар, Ақтау қаласының 15 ш/ауд. «Айдын» кафесінен 5 ш/а теңіз жағалауы аралығы суға шомылуға қауіпті аймақ болып есептелетінін қаперлеріңізге береміз. Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 43 шақырымындағы «Сығынды» мүйісі де суға тусуге қауіпті орын болып есептелінеді.

 

Жағажайдағы демалыс орындары басшыларының назарына: теңізде жаз мезгілінде серуендеуге арналған скутор, банан, катамаран және т.б. құрал-жабдықтарда суға түскенде демалушылар құтқару күртешесін міндетті түрде киюлері тиіс және қолайсыз ауа райы (желді, жаңбырлы, тұманды және т.б.) кездерінде теңізге шығуға қатаң тиым салынады». 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему