Аймақта ішкі істер қызметінде еңбек еткен жалғыз соғыс ардагері қалды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 03:51
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Аймақта ішкі істер қызметінде еңбек еткен жалғыз соғыс ардагері қалды

11 Мая 2014 (05:44) | 2129 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облысындағы ішкі істер қызметінде еңбек еткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен бүгінде Павел Козловтың ғана көзі тірі.  Құқық қорғау саласында 25 жыл еңбек еткен майдангер биыл шілдеде 88 жасқа толады. Небәрі 18 жасында от кешкен бозбала саналы ғұмырын Отанын қорғауға, ел тыныштығын күзетуге арнаған. Үнемі алғы шепте жүрген мерген жігіт, алдымен Ленинград, кейін Балтық жағалауы елдерін жаудан азат етуге атсалысады. Елге жеңіспен оралған соң,  ішкі істер саласының дамуына мол үлес қосады. Жеңіс күні аймақтағы жалғыз полицей-майдангерді ізін басқан тәртіп сақшылары алғыс хатпен марапаттап, сый-құрметтерін көрсетті.

 

Отты жылдарды есіне түсірген қарт жауынгер әңгімесін мына бір оқиғадан бастады. 1944 жылдың күзі еді. Павел бастаған атқыштар взводы Ленинград түбіндегі ну орманға кіріп, фашистерге қарсы шабуыл жасауы тиіс болатын. Орман іші саз-балшық. Оған сіркіреп жауған жаңбыр қосылған, жүріп-тұру өте қиын. Кеңес әскері алаңқайға шыға берісте, оларды неміс басқыншылары байқап қалып, артиллериядан оқ жаудырады. 

 

Павел Козлов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

-Немістерде қару-жарақтың түр-түрі, пушка, танкілер болды. Олар үстін-үстін оқ жаудырып, бізді аяусыз қырып салды. 24 жауынгерден төртеуіміз-ақ аман қалдық. Шегінерге жол жоқ, қалай да жауды орманнан өткізбей, қуып шығуымыз керек. Кеңес әскері көмекке келгенше украин, қазақ жігіті бар төртеуіміз бір тәулік бойы сол маңды қорғап тұрдық.

 

Небәрі 18 жастағы бозбаланың бұл майдандағы алғашқы жеңісі болатын. Бұдан кейін ол дивизия командирінің көмекшісі ретінде, Балтық жағалауы елдерін фашистерден азат ету ұрыстарына қатысады. Жауынгерлік ерлігі үшін Сталиннің қолынан алғыс хат, «Ерлігі үшін» медальдарын алған. Павел Козлов Жеңісті Мемель қаласын жаудан тазартуға бекінген тұста қарсы алады. Сұрапыл соғыстың ауыр күндерін бастан өткерген қария жас ұрпақ бейбіт күннің қадірін біліп, еліне аянбай қызмет етуі тиіс, дейді.

 

 

Павел Козлов, Ұлы Отан соғысының ардагері:

- Соғыс біткен кезде 20 жасқа енді толғам. Кеудемді Отанға деген сүйіспеншілік кернеп тұрған кез, жаспыз, деніміз сау. Елге оралмай, Ленинградтағы әскери училищеге оқуға түстім. Жауынгерлік шеберлігімді шыңдап, кәсіби Отан қорғаушы болғым келді. Сол ісім үшін қазір еш өкінбеймін.

 

Ардагер соғыстан кейін Орталық Азиядағы бірнеше елдің ішкі істер қызметінде еңбек етеді. Ал 1964 жылдан бастап, Ақтаудағы ішкі әскердің құрылуына атсалысып, зейнетке шыққанша қоғам қауіпсіздігі үшін күреседі. Жеңіс күні ардагерді облыстық ішкі істер департаментінің басшылары мерекемен құттықтап, сый-сыяпаттарын жасады. Департамент басшысы Қайрат Дәлбеков бастаған топ ардагерді түрлі сыйлықтармен көміп тастады. Облыс әкімі Алик Айдарбаевтың қаржылай сыйы, ішкі істер министрлігінің Алғыс хаты мен ішкі істер департаментінің ақшалай марапаты және кір жуғыш машина сыйға тартылды. Кіші буын ұрпақтың елеп, ескергеніне ҰОС ардагері Павел Козлов шын қуанды. 

Нағашыбай Жариев, Маңғыстау облыстық ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы:

-Бүгінгі таңда біз үшін етіктерімен қан кешіп, көкіректерін жау оғына тосқан ата-әжелеріміздің саны азайып келеді. Олар қандай да болмасын сый-құрметке әбден лайық жандар. Ардагерлерімізді 9-шы мамыр Жеңіс күнімен ІІД атынан,ІІД ардагерлер кеңесі атынан шын жүректен құттықтаймын. Жанұяларына құт-береке, дендеріне саулық, өмірлеріне сәттілік тілеймін. Бейбіт еліміз Қазақстанның көк байрағы мәңгі көкте желбірей берсін!

 

Мереке күні өзге де майдангерлер мен полиция ардагерлері сый-құрметке бөленді. Ішкі істер ғимаратының ауласына әскери палатка тігіліп, мерекелік дастархан жайылды. Қарт жауынгерлер ертедегіні еске түсіріп, соғыс кезінде әзірленген сарбаз ботқасынан дәм татты. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему