Ақтаулық маман республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 20:18
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Ақтаулық маман республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

5 Мая 2014 (17:31) | 2051 | Автор: Редакция

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі өртке қарсы қызметінің Комитеті Астана қаласында сәуірдің 22-23 аралығында «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» VIII Республикалық конкурсының ІІ кезеңін ұйымдастырды.

 

Додаға облыстық байқаудың жеңімпазы атанған 16 жеңімпаз қатысып, өздерінің кәсіби деңгейінің жоғарылығын дәлелдеді.

               

Республикалық конкурс үш кезең бойынша: теориялық бөлім-тест түрінде кәсіби дәрежесін тексеру, практикалық бөлім-барлық тиісті құжаттамаларды толтыру арқылы нысанның шартты түрдегі өрт-техникалық тексерісін жүргізу және әрбір қатысушымен жеке әңгімелесу түрінде өтті.

               

Аталған байқауға біздің аймақтың өкілі де қатысты. Ол-Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Азамат Құлманов. 

               

Конкурстың қорытындысы бойынша І орынға Шығыс Қазақстан облысы ТЖ Департаментінің Абай ауданының ТЖ бөлімінің бас маманы Азамбаев Серікжан Думанұлы көтерілсе, жүлделі ІІ орынды біздің облыстың намысын қорғаған Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар  басқармасының аға инженері, өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Азамат Сақтағанұлы Құлманов жеңіп алды, ал үшінші орынға Астана қаласы ТЖ Департаменті Мемлекеттік өрт бақылау Басқармасының аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны Күселбаев Жәнібек Оразбекұлы лайық деп танылды.

 

Сайыстың барлық жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің дипломдарымен марапатталды. ҚР ТЖ Министрінің бұйрығына сай байқау жеңімпаздарына ТЖ Департаменті тарапынан ынталандыру марапаты көзделген.

 

Облысымыздың намысын қорғаған Азамат Құлманов сынды мамандар республикалық додаларда өлкенің осы сала қызметі мен мамандарының біліктілігін дәлелдеп, өз білімі мен кәсіби деңгейін жоғары дәрежеде таныта алғаны көңілге зор қуаныш ұялатады және аймақ пен қызметтестері үшін үлкен мақтаныш.

 

Жерлесіміз Азамат Сақтағанұлын республикалық байқаудағы жеңісімен құттықтай отырып, алда алар асуларыңыз бен бағындырар биіктеріңіз көп болсын деген жүрекжарды тілегімізді білдіреміз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему