Жаңаөзен қаласында заманауи өртсөндіру депосы ашылды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 02:44
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Жаңаөзен қаласында заманауи өртсөндіру депосы ашылды

30 Апреля 2014 (17:54) | 1846 | Автор: Редакция

 

Бүгін мұнайшылар шаһарында Маңғыстау облысы ТЖД «Өртсөндіру және Авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің заманауи үлгідегі өртсөндіру депосының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

Мерекелік жиынға ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет Комитетінің төрағасы генерал-майор Аубакиров Серік Ғабдулұлы, Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаев, Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Өтелгенұлы Трұмов және т.б. ресми тұлғалар қатысты.

 

Салтанатты рәсім кезінде ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет Комитетінің төрағасы генерал-майор Серік Аубакиров жаңа ғимараттың символикалық кілтін Маңғыстау облысы ТЖД «Өртсөндіру және Авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің басшысы өртке қарсы қызметінің подполковнигі Молдабеков Бақытбек Есенбекұлына табыстап тұрып, ТЖ министрі В.Божконың бұйрығымен бұл басшы кезекті, яғни полковник шеніне ие болғанын жариялады.

 

Заман талабына және халықаралық стандарттарға сай үлгідегі жаңа өртсөндіру депосы республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд 63 млн теңге көлеміндегі қаржыға салынған.

 

Құрылысы 2012 жылдың 10 қазанында басталған нысан 17 ай мерзімі ішінде аяқталып, тұрғындарының саны 130 мыңды құрайтын мұнайшылар қаласы халқының қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға берілді.

 

Алты өртсөндіру техникасы шығысынан тұратын 4 қабатты еңселі ғимараттың сыртқы келбеті қандай әсем көрінсе, іші одан да көз тартарлық. Депо ғимаратында өртсөндіру қызметінің сарбаздарына арналған 1, 2 және 3 бөлмелі-7 пәтер, 40 адамды қамтитын 20-екі кісілік жатақхана бөлмелері және мәжіліс залы, оқу кабинеті мен асхана бөлмелері бар.

 

 

Өртсөндіру депосының құрамына сонымен бірге өрт техникасы-автокөліктер тұрағы, байланыс пункті, өртке қарсы жабдықтар мен құрал-саймандар қоймасы, жаттығу мұнарасы мен қазандық енген.

 

Жаңа депоның ашылуы «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында халықты жұмыспен қамту стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырады, 140 жаңа жұмыс орны құрылады.

 

Аймақ басшысы Алик Айдарбаев Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Трұмовқа жаңа жұмыс орнына адамдарды қабылдаған кезде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың жағдайын ескеруді тапсырды. Облыс әкімі әртүрлі себептерге байланысты жанұясында ешбір жан жұмыс жасамайтын отбасыларды назардан тыс қалдырмауды ескертті. Аталмыш қызметке алуда өзіндік талаптардың барын ескергенмен, жаңа мамандыққа жергілікті адамдарды оқытып, үйрету жағынан қолдау қажет болса, әкімшілік те аянбай көмек көрсететін жеткізді.

 

ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет Комитетінің төрағасы генерал-майор Аубакиров Серік Ғабдулұлының мәлімдеуінше: «Республика бойынша 13600 елді мекеннің 272-сі ғана, яғни 2%-ы ғана өртке қарсы қызметімен қорғалған, кейбір тұрғындар саны 5 мың адамнан асатын кейбір елді мекендерде өрттен қорғау қызметі мүлдем жоқ жерлер де бар. Ондай елді мекендердің саны 70-ке жуық. Осы мәселені шешу үшін біздің еліміз бойынша әлі 177 өртсөндіру депосын салуымыз керек.

 

Бұл жөнінен біздің жобаларымызды Үкімет үнемі қолдап отырады. Осындай қолдауға ие болған жобаның жүзеге асуының бүгін куәсі болып отырмыз. Жаңаөзен қаласында жыл сайын 170-ке жуық өрт оқиғасы тіркелетінін ескерсек, осы жаңа нысанның пайдалануға берілуі қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деуге болады.

 

 

Жаңадан салынатын депо ғимараттарында жол-көлік оқиғалары мен қар құрсауынан құтқару және су басу жағдайында көмек көрсету жөнінен барлық жағдайлар қарастырылуда. Аталған бағытта Жаңаөзендегі бұл депоның құрылысында осы жайлардың барлығы ескерілді.

 

Біз жоспарымызда еліміз бойынша 2016 жылға дейін осындай 13 жаңа өртсөндіру депосын салуды көздеп отырмыз. Тұрғындар саны аздау қалаларда 2 немесе 4 шығысы бар деполар салынатын болады.

 

Жарғының кейбір тармақтарына сай өрттен қорғау қызметінің кейбір мамандары осындай депо аумағында тұру қажет. Олар өрт техникасын жедел жанар-жағар маймен толтыру, шақыртуларға тез баруы үшін және т.б. себептер бойынша, сондықтан стандартқа сай мұнда қызметкерлерге арналған жатақхана мен пәтерлер қарастырылды. Осының нәтижесінде оқуды аяқтап келген жас офицерлер отбасымен бірге пәтер жалдау мәселесін оңай шешетін болады».

 

Салтанатты рәсімге қатысқан жұмыс тобы жаңа ғимаратты аралап көріп, оның жетістіктеріне қуанды. Мұнайшылар қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін күшейтуге арналған депоның ашылуы Жаңаөзендік 140 адамның жұмыспен қамтылу мәселесін шешумен де маңызды болып отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему