Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:39
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы Ұлыстың Ұлы күнін қарсы алды

21 Марта 2014 (04:21) | 16538 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесі Наурыз тойын атап өтті. Балалар ауылының кең ауласына қазақтың алты қанат ақ шаңқан үйі тігіліп, мерекелік дастархан жайлып, тойға жас өрендерді құттықтауға облыстық білім басқармасының, ішкі істер департаментінің, қалалық білім басқармасының, қамқоршылық-қорғаншылық органның өкілдері келді. Меймандар балалар мен олардың тәрбиешілерін мейраммен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады.

 

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының жұмысты ұйымдастыру тобының аға инспекторы полиция майоры Хасанова Эльвира Нұрғалиқызы: «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің директорын, ұжымы мен тәрбиеленуші-балғындарын облыстық ішкі істер департаменті атынан Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Балаларға денсаулық, оқуда табыстар тілегім келеді. Тәрбиеші-аналарға еңбекте мол табыстар, сарқылмас күш-қуат, үлкен төзім мен сабыр тілеймін»,-деп ақ тілегін арнады.

 

Тәрбиеші аналарымен бірге мерекеге тыңғылықты дайындалған балалардың қуаныштан жүздері бал-бұл жайнап, өз өнерлерін ортаға салды: мың бұралып, би билеп, әуезді әндерді шырқап, Наурыз мейрамы туралы өлең-жырлар оқыды. Ұлттық ойындар ойналып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Мерекелік концерттен соң балғындар мен қонақтар киіз үйге жайылған кең дастарханнан ұлттық тағамдардан дәм татты.

 

 «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесінің директоры Ташов Мәди Қалашұлы: «Қазіргі таңда бізде 51 бала тәрбиеленуде. Балалармыз балабақшаға, мектепке және колледжге барады. Мекемемізде 8 үй бар. Әр үйде 6-7 баладан тәрбиеленеді, оларға тәрбиеші аналар қамқорлық жасайды. Сара Алпысқызының бастамасымен 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап ашылған бұл балалар үйінде жетім балалар отбасылық үлгідегі тәрбиемен қамтылған. Бүгінгі күні Наурыз мейрамын тойлаудағы басты мақсатымыз-балаларды қазақ халқының салт-дәстүріне баули отырып, жас өрендердің санасында ұлтжандылық, елжандылық сынды жақсы қасиеттерді қалыптастыру. ЖК «Жұмахан Базарбаев», «Бузачи-Оперейтинг» компаниясы және «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты демеушілеріміз балаларға үнемі қамқорлық жасап тұрады, оларға айтар алғысымыз шексіз»-деп мәлімдеді.

 

2013 жылдың тамыз айынан бері аталмыш мекемеге басшылық етіп отырған Мәди Қалашұлы балалар ауылының бұрынғыдан да көркейе түсуі үшін аянбай еңбек етіп жүргені мекеме ауласына енгенен-ақ сезіліп тұрды. Үйлердің сыртына жөндеу жасалып, әрленуде, эмбеламалары өзгертілуде екен. Әр үйдің «Ақ көгершін», «Сұңқар», «Балауса» сынды атауларына сай олардың суретін салдырып, әрқайсын өзіндік стильде сәндеу арқылы балаларды әсемдікке, көркемдікке баулуға тырысу әрекеті байқалады.

 

- Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жағын көбірек ойластырудамыз. Сабақтан соң балаларымыз спортпен шұғылданып, шынықса деген ойымыз бар. Ауламызға жабық спорт залын салып беретін демеушілер табылса деген үмітпен жан-жаққа хатпен шығудамыз. Сосын үйлердің ортасына әсем фонтан салып, балаларымыздың жазғы кештерде жақсы тынығып, демалуына жағдай жасалынса деген тілегіміз бар,-деді өз ойымен бөліскен директор Мәди Ташов. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему