Наурыз тойын тойлады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:04
Вход |Регистрация
Главное » Новости рыночной экономики

Наурыз тойын тойлады

19 Марта 2014 (04:18) | 4830 | Автор: Редакция

 

Ұлыстың ұлы күнін тойлауды біздің өңір еліміз бойынша алдыңғы қатарда «Көрісу күнімен» бастайтыны белгілі. Жас ұрпақтың бойына ата салтты, халқымыздың байырғы дәстүрін сіңіріп, оларды ұлтжандылыққа баулуды көздеген облыс орталығының №9 орта мектебінде орын тепкен «Қайнар» аула клубының ұстаздары балғындардың, олардың ата-аналары мен арнайы шақырылған меймандардың қатысуымен «Наурыз-береке бастауы» атты тамаша мерекелік кешті ұйымдастырды.

 

Жас өрендерге қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан «Қайнар» аула клубының педагогтары мерекелік кешке өз тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарымен бірге тыңғылықты дайындалыпты. Балаларға көктемнің келуімен бірге бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруын паш етіп, мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздерін кеңінен насихаттау үшін ұстаздар небір сұлу сөздерден өрілген өлең жолдарын қолдана отырып, Наурыз мейрамының маңызын, ұлылығын түсіндірді. Балғындарға халқымыздың «Тұсау кесу» дәстүрін тамашалатып, оның маңызы мен қадір-қасиетін айтып түсіндірді, сәбидің тұсауын кесу арқылы барлық жөн-жоралғыларды сақтай отырып, балаларға тамаша көрініс көрсетілді.

 

Оқушылар да өздерінің өнерлерін көрсетіп, тамылжыта ән салып, күмбірлете күй тартып, түрлі ұлттық билерді билеп, Наурыз туралы өлең-жырлар оқып, ата-аналары мен ұстаздарын, мерекеге жиылған барша қонақтарды ризалады. Ұстаздар қауымы жас өрендерге халқымыздың ырым-тыйымдары жайлы түсініктер беріп, Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау, ұлттық ойындардан (күрестен, кір тасын көтеру, аударыспақ ойнау) көріністер көрсетіп, мерекенің көркін қыздыра түсті. Балаларға арналған мерекелік кешті домбыра үйірмесінің жетекшісі Лукманова Рая Ерқуатқызы ұйымдастырып жүргізді. Кешке «Оқушы» орталығы директорының орынбасары Бектурова Несібелі Смағұлқызы қатысты.

 

Мұндай тәрбиелік мәні зор кештердің жас ұрпақ бойына ұлтжандылық, туған халқының салт-дәстүрі мен төл тіліне деген құрметті дарытып, бала көңілін өсіретіні анық. Ендеше осындай шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болып жүрген «Қайнар» аула клубының ұстаздары тәрбиелеген балғындар нағыз елжанды азаматтар болып өсері сөзсіз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему