Облыстық аурухананың бас мейірбикесіне құрмет көрсетілді
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 10:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыстық аурухананың бас мейірбикесіне құрмет көрсетілді

19 Декабря 2014 (10:59) | 3513 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық ауруханасының мәжіліс залында өңір медицинасының дамуына өзінің 40 жылғы жемісті еңбегімен зор үлес қосқан облыстық аурухананың бас мейірбикесі Кереева Тілектес Аюпқызына зейнеткерлікке шығуына байланысты құрмет көрсетілді.

 

Тілектес Аюпқызы Кереева 1975 жылы Гурьев медициналық колледжін тамамдаған соң Бейнеу аудандық ауруханасында өзінің медицина саласындағы еңбек жолын бастаған болатын.

 

1978 жылдың қаңтарынан бастап облыстық ауруханада отоларингологиялық бөлімшесінің аға медбикесі болып жұмыс жасай бастаған Тілектес Аюпқызы бүгінгі күнге дейін сол емдеу мекемесінде табан аудармай қызмет етіп келеді.

 

Осы жылдар ішінде біраз жауапты қызметтер атқарған ол 1982 жылы кардиология бөлімшесінің емшара кабинетінде жұмыс жасаса, 1984 жылы аурухананың функционалды диагностика бөлімшесіне ауысып, 1985 жылдан 1990 жылға дейін кардиология бөлімшесінің аға медбикесі болып қызмет атқарды. 1990 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін 24 жыл бойы үздіксіз облыстық аурухананың бас мейірбикесі болып қызмет етуде.

 

 

Аймақтың бас ауруханасының жұмысының қалыпты болуына өзінің ерен еңбегімен мол үлесін қосқан Тілектес Аюпқызын құттықтауға Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Фаризунұлы Бектубаев, облыстық аурухананың директоры Нұрлан Серікұлы Тлепов, аурухана ұжымы түгел жиылды.

 

Салтанатты жиында сөз алған облыстық аурухананың директоры Нұрлан Тлепов бас мейірбике Тілектес Керееваның 90-шы жылдарда елдегі орын алған күрделі жағдайда осы кезеңде облыстық аурухананың бас медбикесі болып тағайындалған кезден бастап, ешбір қиындықтарға мойымай, өзінің үлкен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында әріптестерінің арасында үлкен беделге ие болып, аурухананың орта буын қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруда белсенділік танытып, қажырлы еңбек етумен қатар, емдеу мекемесінің жұмысының қалыпты болуына қосқан үлесінің зор екендігін атап өтті.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Фаризунұлы Бектубаев:

-Тілектес Аюпқызы 90-шы жылдардағы қиын кезеңде, адамдардың көбі әр салаға кетіп жатқан кездерде осы қызметіне келген болатын. Соған қарамастан барлық қиындықтарға шыдап, ұжымды алдағы күндерге сендіре отырып, жоқтан бар жасап дегендей, жоқты жетістіріп, әсіресе адамдармен тіл табысып, нәтижелі қызмет етіп келеді.

Қазір жағдай дұрысталды, оны өздеріңізкөріп отырсыздар. Алайда жинақталған мол тәжірибені кейінгі жастарға үйрету қажет.

Тілектес Аюпқызының облыстық аурухана жұмысының қалыптасуы, өркендеуіне қосқан мол үлесін атап өткім келеді. Аймақтағы медбике ісінің қалыптасып, нығаюына Тілектес Аюпқызы көп еңбек сіңірді. Өзі таңдаған мамандығына адал болуымен қатар, аймақтың денсаулық саласының дамуына өзінің ұзақ жылғы жемісті еңбегін арнап, жастарға үлгі-өнеге бола білді.

Мұндай қажырлы еңбек екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Тілектес Кереева болса осының бәріне қол жеткізді,-деді.

 

Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілектес Аюпқызына өңір медицинасының дамуына қосқан зор үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарын табыстады.

 

 

Салтанатты кеште облыстық аурухананың бас медбикесін сонымен қатар аурухананың ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Шаухымбердиев, кәсіподақ төрағасы М.Исмаилов, «Мейірбике» колледжінің директоры Ә.Сағымбаев, №2 Ақтау қалалық емханасы директорының орынбасары А.Қойлыбаева және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы директорының м.а. Нұрсұлу Аманбекқызы Мұхамбетьярова және т.б. қызу құттықтады.

 

1988 жылы «Жоғары санатты медбике» санатына ие болған Тілектес Керееваның ұзақ жылғы адал еңбегі мен мол тәжірибесі және жоғары кәсіби білімінің нәтижесінде 2010 жылы оның «Жоғары санатты медбике» біліктілік деңгейі шексіз мерзімге ұзартылған болатын.

 

Өлкенің медицина саласына сіңірген ерен еңбегі жоғары бағаланған Тілектес Кереева бірнеше рет аймақтың денсаулық сақтау басқармасының, облыстық әкімшіліктің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын алса, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің грамоталарымен марапатталған. Ол сонымен қатар «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему