Балғындарды сауықтыру мекемесі жаңартылды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 18:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балғындарды сауықтыру мекемесі жаңартылды

17 Декабря 2014 (05:41) | 2823 | Автор: Нурганым Имашева

 

ҚР Тәуелсіздік мерекесін тойлау қарсаңында Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөлімшесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, ғимарат пайдалануға берілді. Облыс бюджетінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге 130 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұдан бөлек 26 млн. теңге ғимараттағы ауаны тазарту және желдету жүйесін жаңартуға жұмсалған.

     

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының айтуынша, Қазақстанда алғашқылардың бірі болатын жұмылдыру кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын даярлауға жергілікті бюджет қазынасынан 6 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл кешен диспансерлік бөлімше мен бактерелогиялық зертхананы біріктіріп қосатын болады.

 

Ғимараттағы 2014 жылдың шілде айында басталған күрделі жөндеу жұмысы жоспар бойынша 2015 жылдың ақпан айында аяқталуы тиіс болатын. Алайда жұмыстарды орындаған «Заман-Ақтау» мердігер компаниясы жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Компания өкілдері жұмысты тез аяқтау оның сапасына әсер етпегенін айтып сендірді. Денсаулық сақтау басқармасының басшылары да жөндеудің сапасына ризашылықтарын жасырмады.

 

 

Балғындарды сауықтыратын бөлімше заманауи жабдықтармен қамтылған. 50 балаға арналған бөлімшеде бүгінгі таңда туберкулездің тұрақты және сезімтал формаларымен сырқаттанған 35 бала емделіп жатқанын айтқан Облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Құндыз Керимованың мәлімдеуінше, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде балалар көрші бөлімшелерде үздіксіз ем қабылдаған. Балалар ұзақ уақыт емделуден өткен кезінде оқу бағдарламасынан шеттетілмейді, оларға №3 орта мектептен келетін ұстаздар сабақ береді. Сонымен қатар бөлімшеде балғындарға арналған оқу және ойын залдары, ем-шара бөлмелері және асхана жабдықталған.

 

Ғимараттың салтанатты түрде ашылуына Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен медицина қызметкерлері қатысты.

 

- Биылғы жылы туберкулез сырқатына шалдыққандарды әлеуметтік қамтуға жергілікті бюджеттен 40 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұрын бұлбағыттағы қаржыландыру мардымсыз болса, қазір біздің облыс қаржыландыру жағынан алдыңғы қатарда тұр. Мұндай шаралар туберкулезбен ауыратындардың дәрі-дәрмекті дер кезінде қабылдап, сырқатынан тез жазылуға ынталандыруға ықпал етеді,-деп атап өтті Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев.

 

 

Басшының мәлімдеуінше, жыл аяғына дейін Жаңаөзен қаласындағы ересектер емханасымен біріктірілген балалар емханасы күрделі жөндеуден кейін пайдалануға беріледі.

 

Маңғыстау кентіндегі жедел жәрдем станциясында да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда Мұнайлы ауданы тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін автоматтандырылған диспетчерлік қызмет және JPS-навигация жүйесі енгізілген.

 

Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары сонымен қатар Түпқараған және Қарақия (Бостан селосындағы дәрігерлік амбулатория) аудандарының емдеу-сауықтыру мекемелерінде де жүргізілуде. Денсаулық сақтау нысандары заманауи жабдықтармен қамтылуда. Облыстық балалар аурухасына күрделі бала сырқатын тез анықтауға толық мүмкіндік беретін жедел компьютерлі томограф құрылғысы алынған.

 

 

Облыстық аурухананың екі блогының жөндеуін және наркологиялық диспансердің күрделі жөнделуі мен қосымша бөлігінің құрылысын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Сонымен қатар 1-шағынаудандағы аурухана қалашығының аумағы аббатандырылуы жоспарланған. Ол жерде жарықтандыру жұмыстары, кірме жолдардың құрылысы жүргізілмекші.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему