Медицина қызметкерлері ақпараттық-насихат тобымен кездесті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Медицина қызметкерлері ақпараттық-насихат тобымен кездесті

16 Декабря 2014 (05:15) | 2094 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық ауруханасының мәжіліс залында облыс орталығының емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау үшін Астанадан арнайы келген ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен кездесті.

 

Дәрігерлермен жүздесуге ақпараттық-насихат тобынан ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Қ.А.Өскінбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.В.Киянский, Н.Д.Нестерова және «Халық келісімі» ҚБ және «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы М.У.Лорсанов келді. Меймандар алдымен облыстық аурухананың биылғы жылы пайдалануға берілген жаңа «Г» блогында орналасқан заманауи үлгідегі кардиохирургиялық орталықтың жай-күйімен танысты.

 

Медицина қызметкерлері алдында сөз сөйлеген ақпараттық-насихат тобын бастап келген ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Қ.А.Өскінбаев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының тапсырмаларын орындаудағы аймақтағы атқарылар іргелі істерге тоқталды. Жолдау бойынша іске асырылар жобалардың қаржылық әлеуеті туралы сөз қозғады. ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі өңірдегі индустриалды инфрақұрылымның дамуына Елбасы ерекше көңіл бөліп, үлкен сенім артып отырғанын тілге тиек етті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жетілдірілуі қандай дәрежеде іске асатыны жайлы әңгімеледі. Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еңбегі ерекше екенін баса айтты.

 

 

ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Қ.А.Өскінбаевтың сөзін ыждаһаттылықпен тыңдаған дәрігерлер қауымы баяндама аяқталысымен өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, оларға шынайы жауап алуға тырысты. Ақ желеңді абзал жандарды толғандыратын бірден-бір мәселе-баспанамен қамтылу проблемасы екені белгілі. Сондықтан дәрігерлер қауымы өздерінің қазіргі таңда тұрғын үй кезегіне байланысты туындап отырған өткір мәселесін, яғни өздерінің қалалық әкімшіліктегі тұрғын үй кезегінен алынып тасталу проблемасы төңірегіндегі дау-дамайға қатысты сауалдарын қойып, оларға жауап іздейтіндерін жасырмады.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.В.Киянский және Н.Д.Нестерова да Елбасы Жолдауының Қазақстанның келешектегі дамуының басты бағыт-бағдары екендігі туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Медицина қызметкерлері депутаттарға да өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему